Зертханалық фарфор ыдыстар. Фарфор ыдыстарғатигельдер, чашкалар, ступкалар, Бюхнер воронкасы, фарфор стақандар, фарфор қайықшалар т.б. ыдыстар жатады. Чашкалар мен тигельдер сұйықтықтарды ұшыру үшін және қатты заттарды қақтау үшін қолданылады, себебі олар 1000оС-тан жоғары температураға шыдайды, қатты заттарды ұсату үшін пестигі бар фарфор ступкалар қолданылады. Бюхнер воронкасын вакуум астында сұйықтықтарды фильтрлеу үшін қолданады
Зертханалық фарфор ыдыстар әр түрлі зертханаларда кеңінен қолданылады, себебі олар 1300 градусқа дейін жарылмайды, сонымен бірге қышқылдар мен сілтілер әсерлеріне де шыдамды. Фарфордан жасалған қалың ыдыстар механикалық әсерлерге, температуралар өзгерістеріне төзімді. Бұл ыдыстар ғылыми жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады, себебі олардың зақымдалу қауіпсіздігі аз. Бұл қасиеттері фарфор ыдыстар қатты фарфордан (40-60% сазды заттан, 20-30% кварцтан, 20-30% дала шпатынан тұрады) жасалғандығынан болады. Қатты фарфордың күйдіру температурасы 1400 градусқа жетеді. Фарфор ыдыстардың химиялық беріктікгі ерекше құрамы бар глазурьмен беттері жабылғандықтан (беті жабылмаған фарфор ыдыстар қышқылдар мен сілтілерде тез бұзылады), бірақ бірден суытса, олар жарылып кетеді.
Фарфор тигельдерді заттарды муфель пеште қыздыру үшін, ал фарфор чашкалар ерітінділерді буландыру үшін, кей кезде қатты заттарды қыздыру үшін, фарфор қайықшалар заттарды түтікше пеште қыздыру үшін, фарфор ступкаларды қатты заттарды ұсақтау үшін қолданады.