А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет21/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
113-117 (1), 236555, 6 сынып БЖБ 2-тоқсан (1), МодульССС.27.06.10.-каз-doc
Бақылау сұрақтары:

  1. Оқыту дегеніміз не?

  2. Оқытудың қандай принциптері бар?

  3. Инновациялық әдістің маңызы қандай?

  4. Оқытудың инновaциялық әдістері ?

  5. Оқытудың продуктивтік әдістері ?

  6. Оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі ?



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика жəне психология / Жалпы ред. басқ. А.Қ.Құсайынов. - Алматы: Мектеп, 2007. - 256 б.

  2. Ожегов С.И. Словарь русского языка/ Под ред. чл.-корр. АН СССР П.Ю.Шведовой. - 18-е изд., стереотип. - М.: Рус. яз., 1987. - 797 с.

  3. Словарь иностранных слов. - 18-е изд. - М.: Рус. яз., 1989. - С.

  4. Болотов В.А., Сериков В.В. Компетентностная модель: от идеи к образовательной программе // Педагогика. - № 10. С. 16-21.

  5. Зеер Э.Ф. Профессиональное становление личности инженера-педагога. - Свердловск: Изд-во Уральск. ун-та, -120 с.

  6. Зимняя И.А. Ключевые компетенции - Новая парадигма результата образования // Высшее образование сегодня. - 2003. - № 5. - С. 18-24.

8 дәріс. 8 апта. Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс


Жоғары білім беру мазмұны
Жоспар:
«Білім беру мазмұны» ұгымының мәні.
Жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар.
Жоғары білім беру мазмұнына әсер ететін факторлар.
Жоғары білім беру мазмұнының негізгі компонентері. Жоғары білім беру мазмұнын іріктеу өлшемдері мен ұстанымдары.
Жоғары білім беру мазмұнын айқындайтын нормативті-құқықтық құжаттар: оқу жоспары , оқу бағдарламасы.

Жоғары білім беру мазмұны – іс-әрекеттің мазмұнды моделінен туындайтын өзара байланысты элементтер жүйесі. Болашақ маманның үздіксіз кәсіби-тұлғалық дамуын қамтамасыз етеді және үздіксіз білім беру мазмұнының элементі болып табылады.


Қазіргі жоғары білім беру мазмұны жалпы (толық емес) жоғары білім беру деңгейін, базалық жоғары білім беру деңгейін, толық жоғары білім беру деңгейін қамтитын көп компонентті жүйе ретінде көрінеді.
Олардың өзара бірлігі жобаланатын, алайда әлі жүзеге асырылмаған, оқыту процесінде іске асырылатын, белгілі бір норма ретінде әрекет ететін көп деңгейлі жоғары білім беру жүйесінің мазмұнын құрайды.
Сонымен қатар мазмұн жүйесі төмендегі құрылым түрінде беріледі:

  • мазмұн педагогикалық әрекеттің әлеуметтік тәжірибе түріндегі жалпылама көрінісі;

  • мазмұн өз тарапынан кәсіби білім берудің арнайы қызметін атқаратын ғылыми білім мен іскерлік жиынтығы;

  • мазмұн жақын пәндер бойынша оқыту курсына енетін білім және әрекет тәсілдері жүйесінің пәндер модулі;

  • мазмұн кең көлемде жеке дидактикалық қызмет атқаратын оқу пәні;

  • жобаланған мазмұн оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті, яғни оқыту процесіндегі педагогикалық шындық;

  • жобаланған мазмұнды әрбір студент меңгереді, яғни студент тұлғасы құрылымының бір бөлімі.

Сонымен көп компонентті болып табылатын жоғары білім беру мазмұнын мазмұн элементтері, білім беру, оқыту мен білім беру мазмұнының деңгейлері және құрастыру негіздері құрайды.
Мұнда, негізінен, тек білім беру мазмұнының құрылымы ғана емес, құрылымның ерекше түрі болып табылатын оқыту процесі де сөз болып отырғандығын атап өткен жөн.
И.И. Логвинов өз зерттеулерінде көрсеткендей, оқытудың кез келген сатысына оқу материалының көпөлшемді біртұтас дидактикалық тізбегі сәйкес келеді. Былайша айтқанда, педагогика тұрғысынан қарағанда біртұтас оқу пәндері құрылымының бірнеше түрінің жасалуы мүмкін болмақ. Олардың мазмұнының таралып дамуы мен дидактикалық тізбектері жүйелі түрде бір-бірімен байланыста болуы тиіс.
Білім беру мазмұнын жобалаудың ең күрделі мәселелерінің бірі кейінгі жылдары Қазақстанның білім беру саласында өркендеп отырған стандарттау талабы бойынша оларды таңдау мәселесі болып отыр.
Стандарттау нақты немесе потенциалды міндеттерді шешу үшін жалпы және бірнеше рет қолдану мақсатында ережелер құру жолымен білім беру саласында реттіліктің тиімді дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған іс-әрекет ретінде айқындалады.
Білім беру стандарты дегеніміз білім беру жағдайлары, процестері мен нәтижелерінің сапасына, сондай-ақ бақылау процедураларына, технологиялары мен құралдарына, оларды сақтау мен осы талаптарға қол жеткізуді бағалауға қойылатын талаптар жүйесі түрінде берілген білім беру саласындағы білікті субъект қабылдаған әлеуметтік маңызды эталондар (идеалдар).
Білім беру стандарттарының негізгі қызметтері:
– білім беру жүйесінің реттеушілік және басқарушылық дәрежесін көтеру;
-білім беру сапасын көтеру;
– білім берудің белгілі бір эквиваленттік дәрежесін қамтамасыз ету (аттестаттау, сертификаттау, нострификация – басқа мемлекет берген білім туралы құжаттарды мойындау процедуралары тұрғысынан);

  • білім беру процесіне қатысушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

  • республика деңгейінде стандарттар талаптары мен оларға қол жеткізу туралы білім беру мекемелерін, оқу топтарын, жеке білім алушыны ақпараттандыру.

Білім беру стандарттары мамандарды дайындаудың нақты бағыты бойынша оқу жоспарларын жобалау негізі болып табылады.
Дәстүрлі оқу жоспары оқу орнында меңгерілетін оқу пәндерінің құрамын, оларды оқып үйренудің тәртібін (ретін) және әрбір пәнді меңгеруге бөлінген оқу сағаттарының санын анықтайтын құжат болып саналады.
Қазіргі көп деңгейлі жоғары білім берудің құрастырмалы мазмұнында төрт бөлімді өтуге болады: әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық бөлім (білім беру саласы «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім); ғылыми жаратылыстану бөлімі (білім беру саласы «Жалпығылыми білім»); жалпы кәсіптік бөлім (білім беру саласы «Кәсіби білім»); арнайы бөлім (білім беру саласы «Арнайы білім»).
Мазмұн құрылымында дербес екі бөлімді – жалпы кәсіби және арнайы бөлімді бөліп көрсету қажет екендігін атап өту керек. Жалпы кәсіби бөлім осы бағыт бойынша ғылыми дүниетанымды қалыптастыруды қамтамасыз ететін, оқудың түрлі мәселелік жағдайларының кіріктірілуін жүзеге асыратын маманды даярлаудың арнайы, терең білімінің іргетасы болып табылады. Арнайы пәндер студентке өзінің кәсіби даярлық шеңберін таңдауда бағыт алуына мүмкіндік береді.
Сонымен, жоғары білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау ғылыми талаптар жүйесін есепке ала отырып жасалуы тиіс.



  1. Жоғары білім беру мазмұнының негізгі компоненттері


Сонымен көп компонентті болып табылатын жоғары білім беру мазмұнын мазмұн элементтері, білім беру, оқыту мен білім беру мазмұнының деңгейлері және құрастыру негіздері құрайды.
Мұнда, негізінен, тек білім беру мазмұнының құрылымы ғана емес, құрылымның ерекше түрі болып табылатын оқыту процесі де сөз болып отырғандығын атап өткен жөн.
И.И. Логвинов өз зерттеулерінде көрсеткендей, оқытудың кез келген сатысына оқу материалының көпөлшемді біртұтас дидактикалық тізбегі сәйкес келеді. Былайша айтқанда, педагогика тұрғысынан қарағанда біртұтас оқу пәндері құрылымының бірнеше түрінің жасалуы мүмкін болмақ. Олардың мазмұнының таралып дамуы мен дидактикалық тізбектері жүйелі түрде бір-бірімен байланыста болуы тиіс.
Білім беру мазмұнын жобалаудың ең күрделі мәселелерінің бірі кейінгі жылдары Қазақстанның білім беру саласында өркендеп отырған стандарттау талабы бойынша оларды таңдау мәселесі болып отыр.
Стандарттау нақты немесе потенциалды міндеттерді шешу үшін жалпы және бірнеше рет қолдану мақсатында ережелер құру жолымен білім беру саласында реттіліктің тиімді дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған іс-әрекет ретінде айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет