А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет22/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

Білім беру стандарты дегеніміз білім беру жағдайлары, процестері мен нәтижелерінің сапасына, сондай-ақ бақылау процедураларына, технологиялары мен құралдарына, оларды сақтау мен осы талаптарға қол жеткізуді бағалауға қойылатын талаптар жүйесі түрінде берілген білім беру саласындағы білікті субъект қабылдаған әлеуметтік маңызды эталондар (идеалдар).
Білім беру стандарттарының негізгі қызметтері:
– білім беру жүйесінің реттеушілік және басқарушылық дәрежесін көтеру;
-білім беру сапасын көтеру;
– білім берудің белгілі бір эквиваленттік дәрежесін қамтамасыз ету (аттестаттау, сертификаттау, нострификация – басқа мемлекет берген білім туралы құжаттарды мойындау процедуралары тұрғысынан);

  • білім беру процесіне қатысушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

  • республика деңгейінде стандарттар талаптары мен оларға қол жеткізу туралы білім беру мекемелерін, оқу топтарын, жеке білім алушыны ақпараттандыру.

Білім беру стандарттары мамандарды дайындаудың нақты бағыты бойынша оқу жоспарларын жобалау негізі болып табылады.
Дәстүрлі оқу жоспары оқу орнында меңгерілетін оқу пәндерінің құрамын, оларды оқып үйренудің тәртібін (ретін) және әрбір пәнді меңгеруге бөлінген оқу сағаттарының санын анықтайтын құжат болып саналады.
Қазіргі көп деңгейлі жоғары білім берудің құрастырмалы мазмұнында төрт бөлімді өтуге болады: әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық бөлім (білім беру саласы «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім); ғылыми жаратылыстану бөлімі (білім беру саласы «Жалпығылыми білім»); жалпы кәсіптік бөлім (білім беру саласы «Кәсіби білім»); арнайы бөлім (білім беру саласы «Арнайы білім»).
Мазмұн құрылымында дербес екі бөлімді – жалпы кәсіби және арнайы бөлімді бөліп көрсету қажет екендігін атап өту керек. Жалпы кәсіби бөлім осы бағыт бойынша ғылыми дүниетанымды қалыптастыруды қамтамасыз ететін, оқудың түрлі мәселелік жағдайларының кіріктірілуін жүзеге асыратын маманды даярлаудың арнайы, терең білімінің іргетасы болып табылады. Арнайы пәндер студентке өзінің кәсіби даярлық шеңберін таңдауда бағыт алуына мүмкіндік береді.
Сонымен, жоғары білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау ғылыми талаптар жүйесін есепке ала отырып жасалуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет