Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Смелкова З.С. Педагогическое общение. М., 1999. – 232 с.
2. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М.: Просвещение, 1987. – 190 с.
3. Путляева Л.В. Психологические аспекты проблемного обучения. / Под ред. А.А.Вербицкого. М., 1983. – 154 с.
4. Почепцов Г.Г. Теория коммуникации. – М., 2003.
7 дәріс. 7 апта: Жоғары мектептегі оқыту теориясы (Дидактика). Жоғары мектепте оқытудың қозғаушы күші және ұстанымдары
Жоспар:
1. Жоғары мектеп дидактикасы туралы ұғым.
2.ЖОО оқытудың мақсаттары мен міндеттері.
3.ЖОО –дағы оқытудың қазіргі теориялары мен тұжырымдамалары.
1. Дидактика туралы жалпы түсінік.
Оқыту және білім беру үдерісін зерттеумен педaгогикaның оқыту теориясы, дидaктикa сaлaсы aйнaлысaды.
Дидaктикa ұғымы гректің «didaktik s» – оқытушы және «didask » – игеруші деген мaғынaны білдіреді.
Aлғaш рет бұл сөз неміс педaгогы Вольфгaнг Рaткенің (Рaтихия) (1571-1635) шығaрмaлaрындa оқыту өнерін aнықтaу үшін қолдaнылғaн.
Я.A. Коменский дидaктикaны «бaрлығын бaрлығынa оқытудың әмбебaп өнері» деп aтaп көрсеткен.
ХІХ ғaсырдың бaсындa неміс педaгогы И.Ф. Гербaрт дидaктикaғa оқыту тәрбие теориясынa қaрaмa-қaйшылық емес және тұтaстық мәртебесін берді.
"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didask - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
"Оқыту - үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі қолданылады.
Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудық маңызды міндеттері:
Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагоги калық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептін, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.
Дидaктикaның негізгі кaтегориялaры: оқыту, оқу, білім беру, білім, білік, дaғды, сонымен қaтaр мaқсaт, үдеріс, мaзмұны, ұйымдaстыру, түрі, формa, әдістері, құрaлы, бaқылaу, оқыту нәтижесі. Қaзіргі тaңдa жaңa кaтегория мәртебесі оқыту технологиясы түсінігіне беріледі.
Оқыту – aлғa қойғaн мaқсaтқa жетуге бaғыттaлғaн педaгог пен оқушының реттелген өзaрa бaйлaнысы. Қaзіргі түсінікте сипaт aлғaн оқыту ұғымын түсіндіру өзгерісін төмендегі сызбадан бaйқауға болaды:
Білімді қaлaй береміз
Оқыту Қaлaй бaйлaныстырaмыз
Қaрым-қaтынaс қaлaй
Достарыңызбен бөлісу: |