а
Кембридж технологиясы бойынша сертификатталған І деңгей мұғалімдерінің «Оқыту мен оқудағы жаңашылдық-заман талабы» тақырыбы бойынша қалалық семинарда өткізілген воркшоптың қысқа мерзімді жоспары
Атырау қаласы
С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебі
Воркшоп тақырыбы: «Рефлексия мен кері байланыстың оқу процесінде алатын орны»
Модератор: Мұңайтбасова Күләш Хамитқызы
Өткізілген уақыты:11.02.2015 сағат 12.00 -13.30
Тақырыбы
|
Рефлексия мен кері байланыстың оқу процесінде алатын орны
|
Жалпы мақсат
|
Мұғалімдерге оқу процесінде рефлексия мен кері байланыс , оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына, көңіл-күйіне рефлексия мен кері байланыс жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру .
|
Сілтеме
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Үлестірмелі материалдар
|
Оқу нәтижесі
|
Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс пен рефлексияның ара жігін ашып, түрлері мен әдістері жөнінде әдістемелік қоржындарын байытады.
Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылатындығын ортаға салады.
Рефлексия –кері байланыстың ақпараттық негізі екендігіне көз жеткізеді.
|
Түйінді идеялар
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қолжеткізу. Сабақтағы кері байланыс, рефлексия түрлері, әдістері
|
Ресурстар
|
«Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану» Астана, «НЗМ» 2014
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық
|
Оқыту әдістері
|
АКТ, диалогтық әңгіме, топтық, жұптық жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс, көшбасшылық
|
Достарыңызбен бөлісу: |