1.111 Стандарт Диастазаға зәрді жинап алу. Мақсаты: Диастазаның санын анықтау. ( диастаза ұйқы асты безінің
ферменті)
Көрсеткіші: ұйқы асты безінің ауруы (панкреатит) өт жолының ауруы
Әзірле:құрғақ шыны шиша 100-200 мл, жолдама қағаз ( бөлімше,
№ палатаның, Ф.И.О пациенттің, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы)
Жасау әдісі: 1. пациентке зерттеудің мақсатын түсіндіру, келісімін алу, зәр
жинайтын сыйымдылық беру
2. тәңертеңгі зәрді жинайды шишаға 100-200мл
3. зертханаға 10 минут ішінде жіберіледі
Ескерту: Қалыпты зәрде диастаза құрамы аз мөлшерде 16-64 ед.
Диастазаның көтерілуі көрсетеді, ұйқы асты безі мен өт
жолдарының потологиясын. Бүйректің жетіспеушілігінде диастаза
болмайды.
.
1.112 Стандарт
Зәрде қанттың барын тексеру
Мақсаты: зәрдегі қантың санын анықтау
Көрсеткіші: сахарный диабет, инсулин мөлшерін есептеу
Әзірле: таза құрғақ мөлшерленген этикеткасы бар 3 литрлік шыны ыдыс,
ыдыс 200мл, жолдама қағаз, шыны таяқша, перчатка
Жасау әдісі: 1. бір күн бұрын зәрді жинау ережесін пациентке айту
2. тәңертең сағат 6 да зәрін унитазға сындырады
3. ыдысты дайындау (мөлшерленген этикеткасын жабыстыру,
жолдама жазу)
4. пациент тәулік бойы шыққан зәрді 3 л ыдысқа
жинайды (6ºº- 6 ºº)
5. перчатка кию
6. 3 литрлік ыдыстан зәрдің тәуліктік мөлшерін анықтау
7. ыдыстағы зәрді шыны таяқшамен араластыру.
8. 100-150мл зәрді 200мл ыдысқа құйып, жолдамаға тәуліктік
мөлшерін жазу
9. клиникалық лабораторияға алынған зәрдің мөлшерін жеткізу
10. перчатканы шешіп, қолды жуып құрғату
Ескерту: Қалыпты зәрде глюкоза құрамы 0,02% мл аспайды.
Қанттың көрінуі зәрде физиологиялық және потологиялық болуы
мүмкін.