АЛГОРИТМ:
Пациентке істің мақсатын және орындалу ретін түсіндіру,келісімін алу.Пациент таңғы асын іштіме екенін,қосымша сұрау;
Лабораторияға жолдама жіберу,пробирканы белгілеу;
Пациентті ыңғайлы отырғызу;
Қолға деконтаминтация жасау(гигиеналық деңгейде),антисептикамен тазалау;
Маска,перчатка,қорғауыш көзілдірік және алжапқыш кию;
Бір рет қолдануға арналған шприцті ашып,оны жинау. қорғауыш қақпақшасын алмай тұрып ауасын шығару,жинастырылған шприцті упаковкасынын бет жағына қою;
Пациенттің шынтақ астына жастықша қою;
Иықты 3 бөлікке бөліп, ортаңғы бөлігіне жгутты киім үстіне немесе салфетка үстіне салу;
Жгуттың екі жақ түбі жоғары,ал байланған жағын төмен қаратып байлаңыз;
Пульсті тексеру (пульс бірқалыпты болу керек)
Вена зерттеу.Толып тұрған венаны табыңыз.
Венанын толуы үшін пациентке қолымен жұмыс істеп тұруын(ашып,жұмып тұруын) сұрау;
Инъекция жасайтын аймақты спирке малынған 2 мақталы шарикпен өңдеу,КБУ-ға тастау; 3-інші мақталы шарикты сол қолға 4,5 саусақтар арасына ұстау;
Шприцті оң қолға алыңыз
Инені венаға белгіленген жерден төмен ,сол қолдың үлкен саусақтарымен белгілеу;
.Иненің қоғауыш қақпақшасын шешіп,инені пациентке кіргізіңіз(пациенттің
жұдырығы қысулы болуы керек)
Поршенді өзіңізге тартып,иненің венаға түскеніне көз жеткізіңіз
Шприцке 5-7 мл қан жинау үшін ,сол қолмен ақырындап поршенді өзіңізге тартыңыз;
Жгутты шешіп,пациеттің қолын босатып ,инені венадан тез алу керек.
Инъекция жасаған жерге спирке малынған мақталы шариктерді 5-7 минутқа қойып,пациентке қолын бүгуін сұрау;
Инені шприцтен ажыратып ,КБУ-ға тастаңыз;
Қанды шприцтен ақырындап,шашыратпай, пробиркаға бір жаққа қырынмен ағызу;
Пробиркаға су тимейтіндей етіп ,жабыңыз;
Пробирканы штативпен бірге контейнерға салыңыз,оны қатты жабыңыз;
Пациенттің қан алған жерінен ,қан ақпағанына көз жеткізіңіп,мақталы шариктерді КБУ-ға тастаңыз;
Контейнермен мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз;
Перчатканы шешіп,КБУ-ға тастау;
Қолды жуып,құрғату;
Достарыңызбен бөлісу: |