1.77 Стандарт
« Тері астына дәрі жіберу »
Мақсат: дәрі-дәрмекті емдеу мақсатында қолдану
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайыны
Кері көрсеткіші: дәріге аллергиялық реакция, терінің зақымдануы.
Асқыну: инфильтрат, вирусты гепатит, СПИД, аллергиялық реакция,
анафилактикалық шок, сепсис, дәріні қате жіберу
Енгізу орны: иықтың сыртқы ортаңғы үстіңгі бөлігі, санның ортаңғы бөлігі,
Іш пердесі, жауырын асты (сирек)
Керекті құралдар: шприц -2мл, ине-20мм диаметрі -0,4-0,6мм, мақта
тампон, ампула, пинцет, лоток, спирт 70º
перчатка, КБУ
Жасау әдісі:
1. пациентке шараны түсіндіру, келісімін алу
2. қолға деконтаминтация жасау (гигиеналық деңгейде),
перчатка кию
3. пакетті ашып, шприцті жинау (стандартқа қара)
4. дәріні шприцке жинап алу
5. пациентті отырғызу немесе жатқызу
6. иньекция жасайтын жерді саусақпен басу (ісікті анықтау)
7. иықтың сыртқы ортаңғы бөлігін спиртке малынған мақта
тампонмен үлкен аймақты, содан кейін инекция жасайтын
аймақты өңдеу
8. спирттелген мақта шарикті сол қолдың IV – V саусақтардың
арасына ал
9. оң қолға шприцті ал, оң қолдың II саусағымен иненің
канюлясын ұста, V саусақпен – шприцтің поршенін,
III, IV, I саусақтармен цилиндр.
10. сол қолдың 1-2 саусақтарымен теріні жинап алу бұрыштап.
11. иненің қиылысын өзімізге қаратып, инені 45º бұрышта
1,5см – 3/2 тереңдікке батыл қимылмен енгізу.
12. сол қолдың үлкен саусағымен поршеньді итеріп, дәріні жайлап
жіберу
13. спиртті мақта тампонымен иньекция аймақты басып тұрып, инені батыл қимылмен сыртына шығару.
14. жеңіл массаж жасау (дәрі сіңу үшін)
15. мақта тампондарды, шприцті инесімен контейнерге тастау,
қолғапты шешіп, қолды жуу
16. пациентті ыңғайлы жағдайға келуін сұра
17. жасалған шараны тағайын парағына белгілеп өту.
Достарыңызбен бөлісу: |