Ерікті сертификаттау объектілері
Өнімнің (үрдістің, қызметтердің, жүмыстың) сэйкестігін рас
тау Қазақстан Республикасының территориясында ерікті жэне
міндетті сипатқа ие. Сәйкестікті ерікті түрде растау ерікті сер-
9-3/32-14
130 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіздері
тификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау
өтініш беруші анықтайтын стандарттың немесе басқа да норма
тив™ құжаттардың талаптарына, сондай-ақ өтініш берушінің ар-
найы талаптарына өнімнің, үрдістің, қызметтің сәйкестігін растау
мақсатымен өтініш берушінің бастамасымен жүргізіледі. Ерікті
сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
Сәйкестікті растаудың міндетті түрі мына үлгіде жүргізіледі:
1. Дайындаушы-кәсіпорынның сәйкестік туралы декларация-
ны қабылдауы.
2. Міндетті сертификаттау жүргізу.
Міндетті сертификаттау
- өнімнің, жүмыстың, қызметтің
техникалық регламенттерінің, стандарттарының немесе басқа да
нормативтік құжаттарының міндетті талаптарына сәйкестігін мін-
детті сертификаттауғажататын және адам өмірі мен денсаулығына,
азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаға қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін сертификаттау түрі.
Міндетті сертификаттауға жататын өнім мен қызметтердің
тізімін жэне мемлекеттік басқару ұйымының ұсынысы бойынша
мемстандарт дайындаған сәйкестік туралы декларациямен раста-
латын өнімдер тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекі-
теді. Қазіргі уақытта осы тізімге мыңнан астам өнім аты мен 6
қызмет түрі кіреді.
Заңға сәйкес тізімге кіретін отандық және импортты өнім
сатуға тек қана сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы
декларациясы болғанда ғана жіберіледі.
Міндетті сертификаттаудан өткен өнім ерікті сертификаттау
шеңберінде тек міндетті талаптарды толықтыратын сипаттамала-
ры бойынша ғана тексерілсе болады. Мысалы, тіс пастасы серти
фикаттау кезінде, қосымша оның қызметінің тиімділігі тексерілуі
мүмкін.
Біздің елімізде ерікті сертификатгауға тек қазақстандық экс-
портаушылар ғана қызығушылық танытып отыр. Нарыктағы
бәсекенің күшеюін ескерсек, ерікті сертификаттауга деген
қажеттіліктің артатыны анық.
|