16 Стандарттау, сертификаттау жзне метрология негіздері
Оның біріншісі жеке өзі тұтыну жэне пайдалану мақсатында
тауар сатып алу, ягни тауар пайда табумен байланысты емес жеке
қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан «Тұтынушылардың
қүқықтарын қорғау туралы» Заң азаматтар арасындағы жеке
тұрмыстық емес қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қатысты
қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтар болсақ, азаматтардың
тауарды, жұмыс пен қызметті кәсіпкерлік қызмет үшін, яғни
пайда табу мақсатында жэне негізгі қызмет қажеттіліктерін не
өз жүмысшыларының әлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін
қатынастар қатарына жатпайды.
Түтынушыға қойылатын екінші талап - ол міндетті түрде жеке
тұлға болуы тиіс. Ал
заңнамаға сәйкес, жеке түлғаға Қазақстан
Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ
түлғалар жатады, эрі Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағына
сәйкес, шетелдік жеке түлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ
адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азамат
тары мен заңды түлғалары үшін қандай қүқықтар мен міндеттер
көзделсе, нақ сондай қүқықтарға ие
болуға құқылы жэне сон-
дай міндеттерді орындауға міндетті. Ал занды түлғалардың тау
ар алу кезіндегі бүзылған құқықтары жалпы заңнама нормалары
арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды түлғалардың
мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер жэне тағы
басқалармен) қорғалатындығымен, ал түтынушыға ешкім мүндай
көмек көрсетпейтіндігімен түсіндіруге болады.
Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы
өнімді пайдаланатын адам да, сонымен бірге тауарды алуга ниет
білдірген адам датүтынушы болып есептеледі. Яғни, адам сатушы-
дан тауарды көрсетуді жэне ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен
бастап тұтынушы болып есептеледі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын үйымдардың болуы
бүгінгі қоғамымызда өте маңызды жэне олардың осы салада ала
тын орны да зор. Өйткені кез келген түтынушы, тіпті ол қүқықтық
жағынан сауатты болса да үйымның моральдық қолдауынсыз өз
қүқыгын қоргай отырып, сот тартысын бастай да, жеңе де алмайды.