1.Гидросфераның негізгі ерекшеліктері.
Гидросфера – жердің су қабығы. Планетадағы барлық су жүйелерін: мұхит, өзен, көл, батпақ, мұздық, қар жамылғысы, жер асты сулары, сонымен қатар атмосферадағы ылғал, өсімдік және топырақ құрамындағы ылғал жатады. Гидросфера үш күйдк сұйық, газ, қатты күйде кездеседі. В.И вернадскийдің айтуы бойынша «Табиғатта судан күшті геологиялық процесті қарқынды жүргізетін процесс жоқ» деген болатын. Су жердің жалпы ауданының 71 пайызын алып жатыр. Яғни жердің 4 тен үш бөлігін су алып жатыр. Дүние жүзілік мұхит жер беті суының 96,4 пайызын алып жатыр. Сонымен қатар тұщы судың негізгі массасын мұздықтар алады. Мұздықтар жалпы жалпы жер беті суының 1,86 пайызын алып жатыр. Тұщы судың 70,3 пайызы осы мұздықтарға тиеселі. Жер асты суларының үлес салмағы 1,68 пайыз. Гидросферағы 2,64 пайыз ған тұщы су.
Достарыңызбен бөлісу: |