2.Экосфераның асидификациясы және қышқылдық жауын-шашындар. Асидификация дегеніміз- экосфера компоненттерінің, антропогендік әсерден қышқылдық дәрежесінің өсуі. Қышқылдық ылғалдың түсуі ерте кезден байқалды. Англия, Манчестер қалаларында байқалды. Қышқылдану топырақ қабаты, барлық ланшафт кешендеріне әсерін тигізеді. Қышқылдық жауын-шашаын табиғи жолмен де адам әрекетімен де таралады. Табиғи жолмен – Вулкан атқылау кезінде, орманның өртенуі, топырақтығ деградацияға ұшырауы және т.б. Антропогендік қышқылды ылғалдың пайда болуы, жанғыш табиғи заттарды көптеп қолдану, минералды тыңайтқыштаррды қолдану барысында болып отыр. Осы аталған қышқылдыылғалдыңтүсуіне негізінен дамыған елдер көп үлес қосуда. Ол мемлекеттер: Солтүстік Америка және Батыс Европа елдері және Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Россия мемлекеттері болып отыр.