Тексеру сұрақтары: Литосфера қабатының адамзат өміріндегі маңызы.
Литосфера қабаттарының әлем бойынша ластануының негізгі көздері.
Табиғаттағы болатын қолайсыз құбылыстар.
Топырақ қабатының төмен түсуі байқалатын қалалар.
Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва 2006 жыл 199-216 беттер.
№12 дәріс
Тақырыбы: Атмосфера. Атмосферадағы адамның әрекеті.
1. Жер атмосферасының және климатының негізгі ерекшеліктер.
2. Климаттың антропогендік өзгеруі. Парниктік эффект.
Мақсаты: Жер атмосферасының өзіндік ерекшеліктері және антропогендік өзгерістер.
Тірек сөздер: Атмосфера, парниктік эффект,
1. Жер атмосферасының және климатының негізгі ерекшеліктер
Атмосфера – жердің негізгі газ қабаты. Ол жермен бірге қозғалатын және жердің айналу қызметіне араласатын газ қабаты. Атмосфераның негізгі массасының жартысы 5 км төменгі бөлігіндеорналасқан. Атмосфера өзіндік ерекшеліктеріне қарай бірнеше қабаттан түрады: трапосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера, және магнитосфера. Төменгі трапосфера қабатынан жоғарлаған сайын , әрбір 100 сайын ауаның температурасы 0,6 градусқа төмендейді. Ауа-райы мен климаттың қалыптасуына негізгі әсер етуші фактор жылу айналымы мен ылғал айналымы.