3. Қолайсыз экзогендік процестерге антропогендік әректтің әсері. Адамзат халық шаруашылығын дамыту барысында қолайсыз құбылыстардың артуына әсерін тигізуде.
Топырақ қабатының опырылуы және төмен түсуі. Бұл адамзат әрекетінен болатын табиғи құбылыстардың бірі. Су, мұнай, және сұйық кен орындарын өндіріп алу барысында, сол кен орындарының үстінде орналасқан елді мекендердің ауырлық күшіне байланысты төмен түсуі. Мысалы: Мехико, Токио, Бангкок қалалары 8-10 метрге төмен шөккен.
Опырылып құлау және көшкін. Жарларға, тау беткейлеріне, құрылыс салу барысында болатын қолайсыз табиғи құбылыс.
Сел- негізінен алғанда таулы аудандарға тән құбылыс. Селдің болуына әсер ететін факторлар:
1.Тау беткейлерінің борпылдақ шөгінді жыныстардан тұруы.
Жауын-шашынның түсуі, су көзінің болуы.