Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Жасушаның негізгі компоненттерінің құрылысы мен қызметі



Дата19.10.2022
өлшемі53,11 Kb.
#153827
түріСабақ
Байланысты:
сабақ жоспары (2)


"Орда "жоғары колледжі

Бекітемін


Жалпы білімдік пәндер
бірлестігінің жетекшісі
_______ Ж.Сәндібекова
__.__________.______
Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы: Жасушаның негізгі компоненттерінің құрылысы мен қызметі.


Модуль /пән атауы___Биология
Педагог ; Өміртай Бекзада Қаныбекқызы
2022 жылғы " __" _қазан__
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ __________________
Сабақтың түрі; Практикалық
2. Мақсаты, міндеттері; Студенттерге жасушаның негізгі компоненттерінің құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі ;
Студенттерге жасушаның негізгі компоненттерінің құрылысы мен қызметітуралы түсінік беріп,меңгерген білімін ойын элементтерін пайдалана отырып тексеру, басқа пәндермен байланысына көз жеткізу
4. Қажетті ресурстар; Биология” оқулық ,Е.Очкур,Ж.құрманғалиева,М.Нұртаева
5. Сабақтың барысы___
1.Жасуша туралы мағлұмат
2.Жасушаның негізгі компоненттері
3.Жасушаның негізгі қызметі Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардыңтіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді. «Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде-2×1012 жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биологиялық мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады.

Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды –рибосома,митохондрия,эндоплазмалық тор,Гольджи кешені,лизосома, клеткалық мембрана деп атайды.


Рибосома. Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орталығы деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің жасушасында кездеседі.


Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.
Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 -1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар тыныс алу процесін жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.

Ядро – организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.


Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады.

Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады. Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 мкм. Лизосомаферменттерінің (20-дан астам) көмегімен жасуша ішіндегі ас қорытуға және жасуша құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.


Жасушалық мембрана – жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын жасуша органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ,


жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар жасушасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлоздымикрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік жасуша қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік жасушаның целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да жасуша қабықшасы беріктенеді. Өсімдік жасушасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар
Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.
Жасушаның химиялық құрамы
Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (ақуыз), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең. 1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.
2. Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.
3. Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристаллы) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.
Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының құрамында көп болады, әрі энергия көзінің негізгі қоры болып табылады
Жасушаның бейағзалық заттары - су мен минералды тұздар. Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау болады. Сондықтан цитоплазма - қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш ретінде өте қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су. Оңдагыкажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртка шығарылады. Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді. Нуклеин қышқылдары (лат.nucleus - ядро) жасуша ядросында түзілетіндіктен осылай аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдары 2 топка бөлінеді: 1. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ); 2. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).

ДНҚ - жасуша хромосомасында (ядрода) болады, ол тұқымқуалау белгілерін ата-аналарынан ұрпақка берілуін кадағалайды. Жасушадағы нәруыздардың құрамын анықтайды. РНҚ - жасушаның цитоплазмасында болады. РНҚ әр жасушаның өзіне ғана тән нәруыздардың түзілуіне қатысады.


Жасушаның құрылысы


Адам ағзасы (организмі) - миллиардтаған жасушалардан құралған, өзддгінен реттеліп, жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Ағзанын даму үдерісінде жасушалар мен жасушааралық заттар - ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді.
Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесі жасушадан тұратыны сендерге мәлім. Жасушаның құрылысы электронды микроскоптың көмегімен терең зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша құрылымдарының өте ұсақ бөлшектеріне дейін анық көруге болады. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитологиядейді. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр түрлі болады.
Адам денесі жасушаларының пішіні - домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, көпқырлы, призма төрізді және т. б. Жасуша мөлшері мен пішінінің әр түрлі болып келуі аткаратын қызметіне байланысты. Мысалы, канныңэритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан домалақ; тері жасушалары көпқырлы; бұлшықет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары көп өсінділері. Жасушалардың мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең ірі жасушалар – жұмыртқажасушасы мен жүйке жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар - лимфоциттер. Жасуша плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан) тұрады. Плазмалық жарғақша (лат.membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалықжарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалықжарғақшамен ғана қапталады.
Үй жұмысы. Жасуша компоненттері құрылысы .Реферат

Тест

1.Плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның қоймалжың ішкі ортасы?
А.митохондрия В. Ядро С. Лизосома Д.вакуоль Е.цитоплазма
2.Цитоплазманың қызметі?
А.органойд В.ядродағы ақуызды синтездеуге қатысады.
С.липидтердің гликогеннің синтездеу әрекетіне қатысады.
Д.жарғақшамен түп негізді
Е.сыртқы жарғақшадан тұрады
3.Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалар неше топқа бөлінеді?
А.3 В.4 С.2 Д.5 Е.6
4.Полисома дегеніміз не?
А.ақуыз молекуласының синтезіне бірнеше рибосоманың қатысуы
В.плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның қоймалжың ішкі ортасы
С.ядросы толық қалыптаспаған жасуша
Д.жануарлар мен өсімдік жасушаларында кездесетін негізгі органойд
Е.жасыл өсімдіктер жасушаларының негізгі органойды
5.Рибосомалар химиялық құрамы жөнінен неге жатады
А.нуклейн қышқылына В.ақуыз синтезіне С.нуклейн ақуызына
Д.көмірсуларға Е.майларға
6.Рибосома негізінен неше бөліктен тұрды
А.5 В.2 С.3 Д.4 Е.6
7.Жасыл өсімдіктер жасушаларының тұрақты органойды.
А.пластидтер В.жасуша қабықшасы С.вакуоль
Д.эндоплазмалық тор Е.цитоплазма
8.Итальян ғалымы Гольджи жануарлар жасушасын қай жылы тапты?
А.1898жылы В.1838жылы С.1858жылы Д.1897жылы Е.1895жылы
9.Митохондрияның жасушадағы саны 1ден қанша мыңға дейін ауытқып отырады?
А.200 мыңға дейін В.150 мыңға дейін С.100 мыңға дейін
Д.300 мыңға дейін Е.250 мыңға дейін
10.Митохондрияның пішіні қандай болып келеді?
А.орақ және таяқша тәрізді В.домалақ тәрізді С.таяқша және дән тәрізді Д.сопақша тәрізді
Е.домалақ және сопақша тәрізді
11.Гольджи жиындығының құрылысы
А.жарғақшамен шектесіп 5t10-нан топтаса орналасқан қуыстар
В.бос орналасқан рибосома С.қуыстар Д.ДНҚ жіпшелері Е.сыртқы мембрана
12 .Лизосоманың қызметі?
А.тірі материяның барлық құрамдас бөліктері В.ядродағы ақуызды синтездеуге қатысады
С.митохондриядағы негізгі энергия көзі Д.ақуыздың синтезделу әрекетіне қатысады
Е.цитоплазмадан ядроға тасымалдау қызметін атқарады
13 :Лизосома дегеніміз не?
А. электрондық микроскоп арқылы зерттелген кішкене бейнешік
В. жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат
С. бірқатар маңызды қызмет атқаратын жасуша органойды
Д. өсімдік жасушасында болатын негізгі органойд
Е. өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі
14. Жасушаның ақуыз биосинтезін іске асыратын оргнойд?
А. лизосома В. митохондрия С: рибосома Д. вакуольь Е. пластидтер
15.Гольджи жиынтығының пішіні қандай болып келеді
А.орақ және таяқша тәрізді В. домалақ тәрізді С. таяқша және дән тәрізді
Д. сопақша тәрізді Е. жіп тәріздес

Жауабы:1B;.2A;.3.C;4.D;5.D;6.A;7.C;8.C;9.B;10.B;11.E;12.C;13.E;14.A;15.А.


«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және пәннің немесе модульдің ерекшеліктері мен білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша элементтерді енгізуге құқылы.



Нысан

Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет