3. Экосфераның энергетикаллық және заттық ерекшеліктері. Кез келген табиғи жүйе өзіндік ерекшеліктері мен заттық жағдайына қарай бөлінеді. Олар – жылу балансы мен ғаламдық айналым.
Экосфераның жылу балансы. Күн экосфераның дамуындағы негізгі энергия көзі болып саналады.
Судың булануы – негізгі ғаламдық гидрологиялық айналым болып табылады.
Заттың ғаламдық айналымы. Биосферада заттардың ғаламдық айналымы аз байқалатын құбылыс. Жылына атмосфера арқылы космостан жер бетіне 40 млн тонна метеориттік зат түседі. Ал экосфераның ішкі бөлігіндегі зат айналым өте үлкен мөлшермен болады. Мысалы: Дүние жүзінде өзендер жылына ұлы мұхиттарға 20 млрд тонна зат тасымалдайды.