Тексеру сұрақтары: Жер шарындағы зат және энергия алмасу ағындары үздіксіз келіп жатаын тірі организмдер жиынтығынан тұратын кешендер.
Экосфераның жер бетіндегі ауданы.
Экосфера дамуындағы негізгі энергия көзі.
Қолданылған әдебиет: Г.Н Голубев, Москва, 2006 жыл. 40-46 беттер.
№4 дәріс Тақырыбы: Экосераның табиғи факторлары.
Дәріс мазмұны :
1.Экосфераның дамуындағы биотаның ролі.
2. Дүние жүзі ландшафттарының географиялық зоналығы және олардың дамуы.
Мақсаты: Дүние жүзіндегі табиғи ланшафттардың таралуындағы негізгі заңдылықтарман танысу.
Тірек сөздер: Биота, ландшафт.
1. Экосфераның дамындағы биотаның ролі. Тірі организмдер- экосфераның қалыптасуына, түзілуіне шешуші роль атқарады.Осы тірі организмдер Жерді басқа организмдерден ерекшелендіріп тұр. Биота экосфераның тұрақтылығын сақтайды. Экосферадағы маңызды процес – фотосинтез процесі. Осы процесс күн энергиясын қолдана отырып, атмосферадағы көмір қышқыл газын оттегіге айналдырып отырады. Фотосинтез процесіне күннің жер бетіне келетін радиациясының 1 пайызы ғана жеткілікті. Биотаның қарқынды даму барысында жер бетінде оттегі бар. Осы отттегі қабатын және тірі организмдерді өлтіріп жіберуден сақтайтын азон қабаты да түзілген.