Табиғи ресурстар- әрбір елдің капиталының бір бөлігі болып саналады. Бүкіл әлемдік деңгейдегі банктердің зерттеуі бойынша капиталдың төрт түрі белгілі:
Өнеркәсіп, өндіріс орындары.
Табиғи байлық (елдің пайдалы қазбалары)
Адам (тек қана еңбек күші емес, білім, денсаулық, тамақтану, саласында адамның қажеттілігің болуы)
Қоғамдық (қоғамдық ұйымдар)
Кез-келген елдің тұрақты дамуы үшін, капиталдың көбеюі немесе тұрақтылығын сақтау үшін капиталдың жалпы аумағы емес, жан басына шаққандағы мағлұматын алу керек. Көп зерттеулерге қарағанда мемлекеттердің басым бөлігі адам капиталына бай. Ал шикізатты көп шығаратын аймақтар – табиғи ресурстарға бай. Зерттеу нәтижесінде байқалғандай табиғи ресурстарды сақтау үшін басқа да капиталдың түрлері болу керек. Соның ішінде адамдар ресурсы- денсаулық сақтау, білім алу және т.б.Деген мен табиғи ресурс және өндіріс орындары әрбір елдің негізгі байлығыболып саналады.