Наурызым қорығы. Наурызым мемлекеттік қорығы 1959 жылы ұйымдастырылды.
1966 жылдың 18 құркүйегіненбастап ол мемлекеттік қорық ретінде жұмыс істей бастады. Ал 1968 жылдан Наурызым қорығы республикалық экология және табиғат ресурстары министрлігінің қарауына енеді.
Наурызым қорығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі87 694
3 гектар. Соның 17 662 гектары немесе 19,5 пайызы орманды алқаптардың
үлесі тиеді. Олар – Терсек, Сыпсың және Наурызым реликтілі қарағай
орман алқаптары. Сонымен қатар, қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Жалпы қорық аймағында құстар 200 – ден астам, сүтқоректілердің 30, қос мекенділер мен жорғалаушылардың 10 – нан астам және омыртқасыздардың 700 – ге жуық түрі мекендейді. Ал, өзен – көлдерде балықтың 10 – ға жуық түрі тіршілік етеді.