А м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


Ауыл – шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері



бет5/9
Дата29.01.2017
өлшемі1,39 Mb.
#8251
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.Ауыл – шаруашылығының геоэкологиялық аспектілері.

Ауыл шаруашылығы экосфераның ластануына ықпалын тигізетін негізгі фактор. Ауыл шаруашылығы қоғамды күнделікті өмірде 98-99 пайыз тамақпен қамтамасыз етеді. Халық санының артуы ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдануды көп қажет етуде.Ауыл шаруашылығын жүйелерін соның ішінде мал және егін шаруашылығын дамыту 50 млн км кв жерді алып жатыр. Ауыл шаруашылығы өзінің әртүрлілігіне қарамастан экосистемаға және ланшафтқа тигізетін әсері тереңдей түсуде. Ауыл шаруашылығын дамыту барысында мал немесе егін шаруашылығы түзіліп дамиды.

Тексеру сұрақтары:


    1. Көлік түрлері.

    2. Көлік түрлерінің экосистеманы ластаудағы үлес салмағы.

    3. Ауыл шаруашылық түрлері.

    4. Ауыл шаруашылығы дамыған мемлекеттер.

    5. Интенсивті өнім алу дегеніміз не.

21 дәріс

Тақырыбы: Қазақстанның табиғи ортасының экологиялық ерекшеліктері.



  1. Қазақстанның эколгия-географиялық орналасуы.

  2. Орография және рельефінің экологиялық жағдайы.

Тірек сөздер: экология, фактор, орография, рельеф.

1.Қазақстанның эколгия-географиялық орналасуы.


Қазақстан территориясы қоңыржай белдеуде Евразия материгінде орналасқан. Алып жатқан аумағы 2717,3 мың км кв немесе құрлықтың 1,8 пайызын алып жатыр. Қазақстан Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Түркменстанмен шекараласып жатыр.

Қазақстан территориясыың негізгі ерекшеліктері – ішкі континентальды ағын сулардың аздығы, жоқтығы, климаты күрт континенталды, су жүйесінің біркелкі таралмауы, ланшафтысы аридті және семиаридті болып келуі.

Қазақстан территориясының 50 пайызы биіктігі 500-600 метр болатын ұсақ шоқылар мен көтерілген жазықтардан тұрады. Ойыс жерлер 100-250 м болатын жерлер 30 пайыз жерді алып жатыр, таулар 1000-4000 м болатын таулар 20 пайыз жерді алып жатыр.
2.Орография және рельефінің экологиялық жағдайы.

Қазақстан территориясының басым бөлігі жазық және ойпат жерлерден тұрады. Орографиясы мен рельефінің негізгі ерекшеліктері:



  • Қазақстанның таулы аймақтарының шығыс және оңтүстік шығыста орналасуы, тау өзендерінің болуы, сел процестерінің болуы.

  • Денудациялық жазықтар, үстірт, ұсақ шоқылардың болуы су эррозиясына әкеләп, жер қыртысының өзгерісіне әкеледі.

  • 30 пайыз жерінің төмен жатқан аккумулятивтік жазықтырдың болуы ауыл шаруашылығына байланысты шөл эррозиясына ұшырауы.

  • Аккумулятивтік құмды-сазды, аллювиальді, көлдік аллювиальді жазықты жерлердің болуы антропогендік шөлдену процесіне әкеледі.

  • Эолды жазықтар мен құмды шөлдердің басым бөлігінде дефляция процесі қарқынды жүреді.

Тексеру сұрақтары:

  1. Қазақстанның алып жатқан аумағы?

  2. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?

  3. Қазақстанда ластаушы өнеркәсіп орындары қай қалаларда орналасқан?

  4. Орографиялық ерекшеліктер?

№ 22 дәріс

Тақырыбы: Қазақстанның табиғи ортасының геологиялық ерекшеліктері.


  1. Геологиялық құрылысының экологиялық жағдайы.

  2. Табиғи экологиялық жағдайдың климаттық ерекшеліктері, жер беті және жер асты суларының экологиялық маңызы.

Тірек сөздер: деллюви, проллюви, аллюви, шаңды дауылдар, гидрологиялық режим.
1.Геологиялық құрылысының экологиялық жағдайы.

Қазақстан рельефінің жағдайы геологиялық құрылысымен байланысты:



  • техногендік әрекеттерге тұрақты интрузивті жыныстар, Оңтүстік шығыс Қазақстан,Қазақтың ұсақ шоқылар, Мұғалжар таулары.

  • Экологиялық тұрақты аудандарға ізбес тасты және полеозой эрасына дейінгі және полеозой эрасында түзілген шөгінді элементтер. Оларға Алтай, Тянь-Шань, Қазақтың ұсақ шоқылары.

  • Су және жел эррозиясына тұрақсыз мезазой эрасы және полеоген, неоген эрасының сазды жыныстары, Торғай ойпаты, Солтүстік Арал маңы.

  • Антропогендік әрекеттерге тұрақсыз төрттік кезеңнің теңіздік –сазды балшықты шөгінділер.Торғай ойысында Каспий маңы ойпаты, Батыс Сібір ойпатында кездеседі.

  • Техногендік процестерге тұрақсыз Қызылқұм, Каспий маңы ойпаты, Арал маңы.

2.Табиғи экологиялық жағдайдың климаттық ерекшеліктері, жер беті және жер асты суларының экологиялық маңызы.

Қазақстанның климатының негізгі экологиялық ерекшеліктері:


  • Күрт континентальді, құрғақ, қысы суық, жазы ыстық, атмосфералық ылғыл мөлшері аз.

  • Соңғы 100жыл ішінді және 2050 жылға дейін Республика территориясына түсетін ылғал мөлшері 20 пайзға төмендейді деген болжам бар.

  • Шаңды дауылдар және құрғақшылық қайталанып отырады, шөлдерде 90 күн бойы осы құбылыс байқалады.

  • Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығында қолданылытын жерлер жел эррозиясына ұшырайды.

Су көздерінің экологиялық жағдайы:

  • Қазақстанда су көдерінің әркелкі таралуы.

  • Шығыста және Оңтүстік шығыста өзен торларының жиі орналасуы өнеркәсіп орындарының тұщы су көздерін ластауы.

  • Республиканың 80 пайыз өзендері өздерінің суларын табиғи жомен жаңарып отырады.

Тексеру сұрақтары:

  1. Қазақстандағы ірі платформалар

  2. Қазақстанның климаттық ерекшеліктері

  3. Табиғи зоналар бойынша ылғалдың түсуі.

  4. Ірі тұщы су көздері қайда орналасқан.

№ 23 дәріс

Тақырыбы: Қазақстанның табиғи ортасының геологиялық ерекшеліктері.


  1. Топырақтың экологиялық жағдайы.

  2. Биологиялық әртүрлілікті сақтау, ландшафттың экологиялық жағдайы.

Тірек сөдер: қара топырақ, қоңыр топырақ, флора, фауна.
1.Топырақтың экологиялық жағдайы.

Қазақстан территорясының топырағы алуан түрлі олардың химиялық , физикалық құрамы және құнарлылығы әркелкі. Қазақстанның жазық жерлерінң ауданы 201 млн гектар, таулы аудандар 34 млн гектар ,соның ішінде қара топырақта аудан 27,5 млн гектар, қоңыр топырақ 90,5 млн гектар, сұр қоңыр, ақшыл қоңыр топырақтар 119,4 млн гектар.

Құмды массивтер 27 млн гектар, тұздылығы жоғары жерлер 20 млн гектар жерді алып жатыр. Қазақстан топырақ қабатының экологиялық ерекшеліктері: эррозия процесіне көп ұшыраған, тұзданудың жоғарлылығы, табиғи құнарлығынң төмендігі.
2.Биологиялық әртүрлілікті сақтау, ландшафттың экологиялық жағдайы.

Өсімдік пен жануар әлемінің алуан түрлі болуы, оның табиғи жағдайының деңгейі жоғары, яғни экологиялық жағдайының жоғарылығын көрсетеді. Флораның алуан түрлілігі: Қазақстанды өсімдік әлемінің шамамен 6000 түрі бар, оның 14 пайызы эндемиттер. Қазақстанның жазақтарының шөлі мен шөлейт, дала зоналарында әртүрлілік батыстан шығысқа жылжыған сайын артады.Қазақстанның Қызыл кітабына 279 өсімдік тұры енген.

Тексеру сұрақтары:


  1. Қазақстан территориясында негізінен тарлған топырақ түрлері..

  2. Қара топырақты аудан қанша гектерды алып жатыр?

  3. Құмды массивтердің алып жатқан аумағы?

  4. Қазақстанда қанша өсімдік әлемі таралған?

№ 24 дәріс

Тақырыбы: Қазақстанның қоршаған ортасының антропогендік жағдайы.


  1. Қазақстан Республикасының қазіргі заманға әлеуметтік-экономикалық құрылысы.

  2. Техногенез және литогендік орта.

Тірек сөдер: техногенез, антропогенез, табиғи антропогендік орта.
1.Қазақстан Республикасының қазіргі заманға әлеуметтік-экономикалық құрылысы.

Антропогендік процестерге адамзат әрекетінен болатын табиғи кешендердің өзгерісі. Антропогендік әрекеттерге негізгі әсер етуші геоэкологилық факторлар: халық саны және тығыздығы. Қазақстанның 2000 жылғы 1-қаңтардағы берген мәліметі бойынша халық саны 14 млн 953 мың адамға жеткен, халық санының орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 5,5 адамнан келеді.Халық аз қоныстанған жерлер батыс , орталық, оңтүстік Қазақстанның шөлдері мен таулы аймағында, 1 км кв 1 адамнан келеді. Ал халық тығыз қоныстанған аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда өзен аңғарларында және Алматы қаласының маңында 1км кв жерге 10-25 адамнан келеді.


2.Техногенез және литогендік орта.

Литогендік ортағагеологиялық құрылысы, тау жыныстарының құрамы, жер бедеррі жатады және олардың сыртқы құбылыстардын, адамзат әрекетінен өзгеріске ұшыраған немесе тұрақты болып екіге бөлінеді. Адам әректінен қарқында өзгеріске ұшыраған литогенді орталарға пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу болып табылады. Осы тау-кен өндіріс інәтижесінде әртүрлі карьерлер, террикондар, шұңқырлар пайда болып, индустриалды ландшафт түзеді. Антропогендік өзгерістер жер бедеріне, оның ландшафтысына көп зиянды әрекет тигізеді. Әсіресе жер асты ,жер беті суларының әрекеті ерекше.

Тексеру сұрақтары:


  1. Антропогендік факторлар дегеніміз не?

  2. 2000 жылғы Қазақстанның халық саны және тығыздығы.

  3. Қазақстанның халқының тығыз қоныстанғын аймағы.

  4. Техногендік орта дегеніміз не?

№25 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстанда геоэкологиялық аудандастыру.


  1. Геоэкологиялық аудандастырудың маңызы мен мазмұны.

  2. Геоэкологиялық диференцацияның заңдылықтары, Қазақстанның геоэкологиялық провинциялар мен облыстары.

Тірек сөдер: аудандастыру, таксомониялық бірлік, дифференциация ұғымы, провинция.
1.Геоэкологиялық аудандастырудың маңызы мен мазмұны.

Геоэкологияның маңызды мәселері адамзаттың кеңістікте уақытқа байланысты қоғам мен табиғат арасындағы байланысы. Геоэколгияның ғылым ретінде мақсаты адамзаттың табиғатты және табиғи антропогендік геожүйелерде экологилық жағдайын және өмір сүру деңгейін бағалау. Адамзаттың экологиялық және өмір сүру деңгейі әртүрлі факторлерге байланысты, әсіресе табиғи жағдайларға. Геоэкологиялық аудандастыру жоғарыдан төменге қарай бағытталады. Геоэкологиялық аудандастырудың бірліктері:



  1. Материк

  2. Белдеу

  3. Физико-географиялық ендік

  4. Ландшафтық зона

  5. Физико-географиялық провинция

  6. Физико-географиялық аудан.

2.Геоэкологиялық диференцацияның заңдылықтары, Қазақстанның геоэкологиялық провинциялар мен облыстары.

Қазақстанның табиғи жағдайларының әртүрлілігі әр түрлі табиғи аудандастыруға байланысты. Қазақстан территориясын геоэкологиялық тұрғыда толық кешенді анализ жасау, бүкіл территорияның жағдайына экологилық тұрғыдан сипаттама беруге мүмкіндік туды. Қазақстан геосистемалардың экологиялық жағдайын анықтау барысында мынадай көсеткіштер қолдануда:


  • катастрофиялық

  • критикалық

  • ауыр

  • қанағаттанарлық

  • жақсы

Қазақстан территориясы 8 физико-географиялық елдерге және 47 геоэкологиялық провинцияларға бөлінген.

Тексеру сұрақтары:



  1. Геоэкологиялық аудандастырудың маңызың?

  2. Қандай таксомониялық бірліктерге бөлінеді?

  3. Қазақстан биожүйелерінің экологиялық жағдайын анықтаудың деңгейлері?

№ 26 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстан табиғатын қорғау.


  1. Қоршаған орта және табиғи ресурстар.

  2. Табиғатты тиімді пайдалану және жер қыртысының минералдық шикізаттарын қорғау.

Тірек сөздер: қоршаған орта , шикізат, минералды заттар.
1.Қоршаған орта және табиғи ресурстар.

Табиғат – адамзат қоғамының дамуы мен өмір сүруінің негізгі көзі. Адам өзінің өндірістік әрекеті нәрижесінде табиғаттың ресурстарының барлық түрлерін қолданып өзгеріске ұшырауда. Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс негізгі мәселе болып отыр. Табиғаттың алуан түрлілігін сақтау және қоғамның қажеттілігін өтеу болып табылады. Табиғаттың тұрақтылылығн сақтау антропогендік қозғалыстарды зерттеу және сақтау негізгі мәселе. Қазіргі уақыытта қоршаған ортаның жағдайына әсер етуші екі факторды атап өтуге болады:



  • Ғылыми техникалық революцияның дамуы, өндірісте адам қоғамының қарқынды әрекеті

  • Демографиялық саясат, халық санының өсуі, урбанизация процесі.

2.Табиғатты тиімді пайдалану және жер қыртысының минералдық шикізаттарын қорғау.

Д. Л. Арманд және А.В. Чигаркиннің табиғатты тиімді пайдалану туралы айтқан ойлары:

- Табиғи ресурстарда халық шарушылығында тиімді пайдалану

- Қайта қалпыа келетін ресурстарда көптеп пайдалану.

- Қайта қалпына келмейтін ресурстарды үнемдеп пайдалану

- Табиғи ресурстарды реакрациялық емдік мақсатта пайдалану

-Ландшафтарды қайта қалпына келтіру

-Табиғи жомен түзілген эстетикалық және ғылыми құндылықтырды сақтау.

- Табиғи ресурстарды қолдану кезінде табиғи және архитектуралық ансамбльдерді сақтау.

Адамзат қоғамының қоршаған ортаның минералды шикізаттарынсыз дамуы мүмкін емес. Табиғи ресурстардың кен орындары қайта қалпына келетін ресурстарға жатады. Қазақстан территориясы пайдалы кен орындарына өте бай және пайдалы қазбалардың 55 түрі бар. Мұнай мен газ қоры жөнінен Республика әлем бойнша алғашқы ондық қатарында. Республикада 197 мұнай мен газ кен орындары бар, оның 102 мұнай, 29 газ, 30 мұнай да, газ да шығатын кен орындары. Мұнай мен газ өнімдерінің Республика бойынша 90,4 пайызын Батыс Қазақстан аймағы береді.

Тексеру сұрақтары:



  1. Табиғатты қоғау дегеніміз не?

  2. қайта қалпына келетін ресурстар

  3. Қайта қалпына келмейтін ресурстар

  4. Мұнай –газ өнімдері Қазақстанның қай аймағында өндіріліді?

№ 27 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстан табиғатын қорғау.


  1. Атмосфералық ауа және ауа-райы ресурсы

  2. Су ресурстарын қорғау, топырақ және жер ресурстарын қорғау.

Тірек сөздер: оттегі, көміртегі, азот, сутегі, өзен, көл, топырақ.
1.Атмосфералық ауа және ауа-райы ресурсы

Атмосфера қабатының ластануы антропогендік әрекетірің қарқынды жүруі: атмосфера қабаты мен құрылысына, ландшафттың табиғи кешендеріне топырақ, өсімдік ,жануарлар әлеміне. Ауаның қатты ластануы адамның денсаулығына әсерін тигізеді. Атмосфера қабатын ластаушы көзер – табиғи ластану:



  • вулкандық күлдермен

  • дауыл меншаңдар

  • өрттен

  • Өндіріс орындарында жанғыш кен орындарын қолдану

  • Өнеркәсіптік қалдықтармен ластану

  • техногендік апаттан кейін радиоактивті ластану.

2.Су ресурстарын қорғау, топврақ және жер ресурстарын қорғау.

Су ресурстарын қорғау және үнемдеп пайдалану адамзат өмірі үшін маңызды мәселе. Табиғатта су айналымынан жер беті су ресурстары қайра қалпына келетін ресурстар. Бірақ Планетамыздық табиғи жағдайының әркелкілігіне байланыты кейбір жерлер ауыз су маңызды проблема. Қазақстан территориясы ауыз су жетіспетін аймаққа жатады. Қазақстанның көп бөлігінде өндіріс орындарындағы адамның қарқынды әрекеті су көздерін ластып, коммуналдық күнделіті ағымдармен ластанған, осыдан келіп, тұщы суға деген сұраныс артады.Қазақстанда 85 мың өзен бар, оның ішінді 10 өзеннің ғана ұзындығы 80 км асады. Ертіс,Есіл, Тобыл,Жайық,Сырдария, Шу,Нұра, Торғай.Ал Республикада 17 мың көл бар, оның көпшілігі жаз мезгілінді құрғап қалады.

Тексеру сұрақтары:



  1. Атмосфера қабатын ластаушы көздер

  2. Атмосфераның өндіріс көздерімен ластануы

  3. Қазақстанда қанша өзен-көл бар№

  4. Қазақстандаға ауылшарушшылық жерлері қанша гектер жер?

№ 28 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстан табиғатын қорғау.


  1. Өсімдік әлемін қорғау

  2. Жануарлар әлемін қорғау, ерекше қорғалатын аймақтар

Тірек сөдер: Биосфера, орман, Қызыл кітап,ерекше қорғалатын аймақтар, қорықтар.
1.Өсімдік әлемін қорғау

Өсімдік әлемі Жердің биосферасында маңызды рөл атқарады.Ол атмосфераның газ құрамын реттеп фотосинтез процесі кезінде көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.Адамзат қоғамы дамуындағы маңызы зор. Қазақстанның өсімдік әлемінің 6000 түрі бар, олар 128 семьяға , 2000 қауымдастыққа бөлінеді. 14 эндемик өсімдік бар. Жалпы Қазақстан бойынша 279 өсімдік Қазал Кітапқа енген.Өсімдіктер әлемі ішінді орман қорының алатын орны ерекшк.Қазақстан территориясының 5,2 пайызы орманмен жамылған. Қазақстан ормандарының көп бөлігі су көздрінің, топырақты қорғау және курорттарда емдік және әсемдік қызмет атқарады. Рман ресурстарын экспулатация жасағанда өте сақтықпен жасау қажет.


2.Жануарлар әлемін қорғау, ерекше қорғалатын аймақтар

Жануралар әлемін қоғай өте күрделі мәселе. Ол баықа табиғи ресурстармен тығыз баыланыса отырып дамиды. Жануралар әлемін қорғау ұйымының негізгі мақсаты – тірі табиғи әлемді толық сақтау болып саналады.Қазақстанның жануарлар әлемі бай және алуан түрлі, мұнда сүтқоректілердің 152 түрі, құстардың 475 түрі, жыландардың 17 түрі кездеседі. Сонымен қатар, 129 омыртқалы жануарлар, оның ішінді 42 сүтқоректі, 16 балық түрі , 10 бауымен жорғалаушы кездеседі.Қазақстанда Қызыл Кітап соңғы рет 1996жылы басылып шықты.

Қазақстанның табиғи ландшафт түрлерінің күрт өзгеріске ұшырауынан сақтау үшін, Қазақстан территориясында келесі қорғалатын аймықтар құрылды:


  • Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер

  • Мемлекеттер табиғи резерфаттар

  • Мемлекеттік табиғи парктер

  • Мемлекеттер табиғи ескетркіштер

  • Мелекеттік қорықтар

  • Мемлекеттік табиғи қорықшалар

  • Мемлекеттік зоологиялық парктер

  • Мемлекеттік дендрологиялық парктер және т.б.

Тексеру сұрақтары:

  1. Өсімдік әлемінің маңызы?

  2. Қазқстанда энедемик өсімдіктердің түрлері

  3. Орман қорының алып жатқан аумағы

  4. Жалпы сүтқоректілердің саны

  5. Қызыл Кітаптың сңғы басылымы қашан шықты?

  6. Ерекше қорғалатын аймақтар не үшін құрылған?

№ 29 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстан табиғатын қорғаудың геоэкологиялық проблемалары мен мәселелері.


  1. Қоршаған ортаның қазіргі заманғы жағдайы

  2. Экологиялық апатты аймақтар

Тірек сөздер: ластану деңгейі, экологиялық апатты аймақ.
1. Қоршаған ортаның қазіргі заманғы жағдайы

Қазақстан территориясында қазіргі заманғы экологиялық прблемалар Арал маңында, Балхаш маңында,Алтай руднигінде, Ертіс, Каспий маңында және ірі қалалар Алматы, Тараз, Өскемен, Теміртау,Шымкент және т.б. Су көздерінің жоғары ластану дәрежесі Сырдария,Ертіс,Елек және Алтай тауларындағы өзендер. Қазақстан территориясындағы экологиялық ластану дәрежесін бес деңгеймен көрсетуге болады:



  1. Апатты

  2. Критикалық

  3. Ауыр

  4. Қанағат

  5. Жақсы.

2.Экологиялық апатты аймақтар

Ластану дәрежесіне қарай Қазақстан территориясын экологиялық апатты аймықтар деп бөлген. Оларға:

А) Апаттағы жағдайдағы табиғи орта:



  • Арал теңізінің тартылуы

  • Семей ядролық-сынақ полигоны

  • Алтай руднигі өнеркәсіптік ауданы

В) Критикалық табиғи орта:

- Төменгі Сырдария провинциясы

- Шемкент өнеркәсіп орындары

- Балқаш өнеркәсіп торлары

-Теміртау, Қарағанда, Жезқазған, Алматы, Қаратау-Тараз, Қостанай-Рудный, Екібастұз, Солтүстік Каспий маңы, Маңғыстау өнеркәсіп торлары.

- Байқоңыр космодромы

- Сырдария өзенінің Қазақстандағы бөлігі

- Шу өзенінің төменгі аңғары

-Ертіс өзенінің Қазақстандағы бөлігі және т.б.

Тексеру сұрақтары:



  1. Қазақстандағы қазіргі заманға экологиялық проблемалары

  2. Экологиялық апатты аймақтар

№ 30 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстан табиғатын қорғаудың геоэкологиялық проблемалары мен мәселелері.


  1. Табиғи ортаны және табиғатты қорғаудағы геоэкологиялық принциптері

  2. Табиғаттағы қорғаудағы және геоэкология облысындағы ғылыми зерттеудің негізгі бағыты.

Тірек сөздер: оптимизация, тенденция, табиғатты қорғау.


  1. Табиғи ортаны және табиғатты қорғаудағы геоэкологиялық принциптері

Табиғи ортаны оптимизациялау дегеніміз – табғиғ ресурстарды тиімді пайдалану, қорғау және қайта қалпына келтіру. Табиғи кешендер бір-бірімен тығыз байланыса отырып дамиды. Осы табғиғи кешендердің өзара байланысы ландшафтық экологияның негізгі методологиясы болады. Бірақ табиғиғ кешендер антропогендік әркеттерге әртүрлі деңгейде өзгерістерге ұшырайды. Осы антропогендік әрекеттерге барына тұрақты табиғи кешендер геологисы және жер бедері, ал климаттық жағдайы, жер беті, жер асты сулары, өсімдік және жануар әлемі адамзат тарапынан өзгеріске ұшырап отырады.Табиғатты қорғау негізгі функциялары:

  • табиғи ресурстар

  • ауа

  • су

  • топырақ

  • өсімдік әлемі өздігінен сақталып және өздігінен қайта қалпына келіп, жаңарып отыруы қажет. Геожүйетабиғи жолменпайда болған генофондтарды сақтау керек және өздігінен жаңарып отыруы қажет. Геожүйе – эстетикалық дамудың көзі болуы керек. Табиғи ортаныңгеоэкологиялық оптимизациялау принциптері, геожүйелердің құрылысын экологялық сақтау ғана емем, олардың экологиялық режимін қызметі мен динамикасын қамтамсыз етуі керек.

Тексеру сұрақтары:

  1. Қоршаған ортаны оптимизациялау принципі

  2. Қоршаған ортаны оптимизациялау методологиясы

  3. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары


6.Семинар сабақтарының жоспары.

  1. Биосфера туралы ілім және оның құрамы және шекаралары.

  2. Табиғи ресурстар.

  3. Су көзін ластайтын негізгі факторлар.

  4. Жылу электр станцияларының экологиялық проблемалары.

  5. Биосфераның радиоактивті ластануы.

  6. Теңіз суларының ластануы.

  7. Табиғатты тиімді пайдалану.

  8. Ландшафт және туризм.

  9. Рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану.

  10. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы.

  11. Қазақстан полигондары.

  12. Қазақстанның батыс аймағандағы әскери полигондардың геоэкологиялық проблемалары.

  13. Байқоңыр ғарыш кешенінің қоршаған ортаға тигізетін әсері.

  14. Балхаш көлінің экологиялық ахуалы.

  15. Қазақстан табиғатын қорғаудың геоэкологиялық проблемалары.


7. №1 Семинар

Мақсаты: Биосфера қабатының негізгі ерекшеліктері мен экологиялық жағдайына тоқталу.

Биосфера туралы ілім және оның құрамы, шекарасы.

Биосфера ұғымы ғылымға кездейсоқ 1875 ж. Австралиялық геолог Эдуард Зюсс өзінің Альпі тауының шығу тарихы туралы кітабының соңғы ең жалпылама тарауында, жер шарының әр түрлі қабаттары жайында баяндаған кезде осы терминді алғаш рет қолданған болатын. 1926 жылы орыс минирологі В.И. Вернадский екі лекциясы жарық көрді. Ол зюсстің еңбектерінен соң, 50 жылдан кейін, біз осы күнге дейін мойындап жүрген биосфера концепциясының негізгі қағидаларын тұжырымдады.

Биосфера біріншіден, биосферада сұйық күйдегі судың мөлшері көп. Ал, екіншіден, оған күн энергиясының тасқыны тасқыны ықпал етеді. Үшіншіден, биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну бетінің заттардың бөліну бетінің булануы тән.

Жердегі энергия көзі күн болғандықтан, күллі тірі организімдер жердің екі қабығы – литосфера мен гидросфераның жоғарғы қабаттарына таралған.

Литосфераға тірі организімдер болмашы тереңдікте ғана енеді. Олардың негізгі бөлігі топрақтың жоғарғы қалындығы ондаған сантиметр қабатында шоғырланған, тек бірен - сараны ғана рірнеше метрге тереңдейді. Жер қыртысындағы жарықтың, құдықтың, шахталардың, бұрғылау скважиналарының бойымен жануарлармен бактериялардың әлде қайда көбірек, 2.5 – 3 км дейінге жетуі мүмкін. Терең жер астында жататын мұнайдың ерекше өзіне тән хлорасы бар, жарық болғандықтан өсімдіктер литосфераның терең қабатына ене алмайды. Тереңде жануарлар азық таба алмайды. Жер қойнауы тереңдеген сайын температура жоғарлайды, үш км тереңдікте ол 1000С – қа жетеді. Демек, жер бетінен үш км тереңдіктен соң тірі организімдер күшейе алмайды.

Тірі организімдер литосфераның бетінен атмосфераның төменгі бірнеше см ден бірнеше метрге дейінгі биіктіктегі қабаттарында таралады. Ал өсімдіктер өскінінің жасыл бөрік басын ондаған метрге көтереді. Носикомдар, жарқанаттар мен құстар атмосфераға жүздеген метр тереңдікте енеді. Атмосфера мен литосферадай емес, гидросфера ең беті қабатынан табанына дейін тіршілікке толы. Биосфераның шектеуші факторлары сұйық күйдегі сумен күн сәулесі болса, тіршілік оптимумы олардың жанасу бетіне сәйкес келеді. Фотосинтез бойынша жүргізілген зерттеулер көп жағдайда органикалық заттардың шығымын ең көп беретін, үш ортаны қатты, сұйық және газды ортаны бірдей пайдалана

алады.

Бастапқы шығу тегі атмосфералық көміртегі қос тотығында, жатқан органикалық зат. Калцийдің айналымы әлде қайда баяу жүреді. Калций бикорбанат Ca (HCO3) күйінде құрлықтағы тау жыныстарына шайылып өзендерге түседі, одан соң ашық мұхит суларында карбонат күйінде, негізінде фораминифералардың өте нәзік бақалшақтар түрінде судың табанына шөгеді. Биосфераның биотикалық бөлігі оның абиотикалық бөлігіне қатысты алғанда басқарушы жүйе болып табылады. Биотикалық жүйенің өз ішінде басқарушы тетік қызметін консументтер атқарады.

Қазіргі кезде биосфера өнімінің пайдалану мөлшері, құрлықтың бастапқы таза өнімінің жеті пайызға жетті. Соның өзі биота тек биологиялық обьектілерде жинақталған биогендер айналымының тұйықталуын ғана сүймелей алатындықтан, биосферадағы биохимиялық айналымының бұзылуына әкеліп соқты. В.Г. Горшковтың (1986, 1988) есептеулер бойынша бұндай жағдай бастапқы өнімінің пайдалануы бір % асқанға дейін пайдаланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет