Үлгі: Жоба тақырыбы: «Опера өнері. Əнші Ермек Серке-баев» Жоба мақсаты: көрнекті опера əншісі Ермек Серкебаев шығармашылығымен танысу
Жоба түрі: топтық жұмыс.
Пайдаланылған дереккөздер: əдебиеттер, желі ресурста-ры, аудио жəне видео материалдары.
Əншімен танысу:
Ермек Серкебаев (1926 –2013)– қазақ халқының əйгілі опера əншісі, лирикалық баритон, Кеңестік Социалистік Ре-спубликалар Одағының халық артисі, Қазақстанның халық артисі, КСРО жəне Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, профессор, қоғам қайраткері. 1951жылы Алматы консерваториясының вокалдық факультетін (Курганов кла-сы бойынша) бітірді. 1947 жылдан Қазақтың опера жəне балет театрының əнші-солисі. Тұнғыш орындаған партия-сы – Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің аттас операсында). Таңдаулы партиялары: Қожағұл (М.Төлебаевтың «Біржан-Сарасы»), Тарғын (Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғыны»), Ев-гений Онегин, Мазепа (П.Чайковскийдің аттас операларын-да), Эскалильо (Ж.Бизенің «Карменінде).
Тыңда жəне талда: С.Мұхамеджанов. «Айсұлу» операсынан Серке кавати-насы.