Вольфганг
Амадей Моцарт
(1756–1791)
Симфонияның І-бөлімі Сонаталық аллегро құрылымында жазылған үш тараудан тұрады (экспозиция, өрбітуші тара-уы жəне реприза). Экспозиция төрт тақырыпқа негізделеді
– басты (главная), байланыстырушы (связующая), қосалқы (побочная) жəне қорытындылаушы (заключительная). Əр тақырып өз мінездемесімен ерешеленеді. Басты тақырып – екпінді, қарқынды, буырқанған мінезді.
Байланыстырушы тақырып – жүрдек екпінді.Қосалқы тақырып – нəзік, лирикаға толы сезімдерді жеткізеді.
Қорытындылаушы тақырып – орындалған сарындарды бекітіп жаңа тональдікті орнықтырады.
Өрбітуші тарауы басты тақырыпты дамытады.
Реприза – экспозиция тақырыптарын басқа тональдікте қайталап, оған драмалық леп қосады.
В.А.Моцарттың № 40 симфониясының І бөлімінен үзінді тыңдаңдар (соль минор).
В.Моцарттың симфониясының басында қандай аспаптар орындалады?
Сенің ойыңша В.Моцарттың осы симфония-сы адамда қандай сезімдерді оятады?
Қазақтың халық əні «Ақ дариға»
Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі, Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі. Орныңнан əрі отырған, ахау, бермен отыр, Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.
Хай ли-ли, хай ли-ли, хай ли-ли-ляй
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.
Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бəйгеден екі ат келер ойнақтаған.
Жүрмісің есен-аман, беу, қарағым,
Көзіңнен айналайын жайнақтаған.
Хай ли-ли, хай ли-ли, хай ли-ли-ляй
Ақ дариға, жайнақтаған-ай.
Əн мəтінін мəнерлеп оқы.
«Тізбекпен» айтамыз. Төрт топқа бөлінеміз. Бір топ əннің бір тармағын айтып, екінші топқа кезек береді. Ал «Ақ дариға, ілдіргелі-ай», «Ақ дариға, жайнақтаған-ай» де-ген жолдарын сынып оқушылары бірге орындауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |