А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка



бет9/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92

Вольфганг
Амадей Моцарт
(1756–1791)

Симфонияның І-бөлімі Сонаталық аллегро құрылымында жазылған үш тараудан тұрады (экспозиция, өрбітуші тара-уы жəне реприза). Экспозиция төрт тақырыпқа негізделеді


– басты (главная), байланыстырушы (связующая), қосалқы (побочная) жəне қорытындылаушы (заключительная). Əр тақырып өз мінездемесімен ерешеленеді. Басты тақырып – екпінді, қарқынды, буырқанған мінезді.

Байланыстырушы тақырып – жүрдек екпінді.Қосалқы тақырып – нəзік, лирикаға толы сезімдерді жеткізеді.

Қорытындылаушы тақырып – орындалған сарындарды бекітіп жаңа тональдікті орнықтырады.

Өрбітуші тарауы басты тақырыпты дамытады.


Реприза – экспозиция тақырыптарын басқа тональдікте қайталап, оған драмалық леп қосады.



  1. В.А.Моцарттың № 40 симфониясының І бөлімінен үзінді тыңдаңдар (соль минор).




  1. В.Моцарттың симфониясының басында қандай аспаптар орындалады?

  2. Сенің ойыңша В.Моцарттың осы симфония-сы адамда қандай сезімдерді оятады?



Қазақтың халық əні «Ақ дариға»

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі, Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі. Орныңнан əрі отырған, ахау, бермен отыр, Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.


Хай ли-ли, хай ли-ли, хай ли-ли-ляй
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.
Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бəйгеден екі ат келер ойнақтаған.
Жүрмісің есен-аман, беу, қарағым,
Көзіңнен айналайын жайнақтаған.
Хай ли-ли, хай ли-ли, хай ли-ли-ляй
Ақ дариға, жайнақтаған-ай.
Əн мəтінін мəнерлеп оқы.
«Тізбекпен» айтамыз. Төрт топқа бөлінеміз. Бір топ əннің бір тармағын айтып, екінші топқа кезек береді. Ал «Ақ дариға, ілдіргелі-ай», «Ақ дариға, жайнақтаған-ай» де-ген жолдарын сынып оқушылары бірге орындауы қажет.



12 13





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет