бет 11/92 Дата 31.12.2019 өлшемі 8,57 Mb. #54151 түрі Оқулық
К.Мусиннің «Жайлауда» симфониялық по-эмасынан үзінді тыңдау.
Шығарманың басында қандай аспап қолданылған?
Қ.Мусин поэмасындағы халық əні «Ақ дариғада» қандай өзгерістер байқалады?
Композитор Қ.Мусин жайлы ақпарат іздеп , ол жайлы қысқа, ауызша мəлімет (əңгіме-тұсаукесер) құрастырыңдар.
Симфониялық музыканың негізгі жанрла-
рын ата.
Симфониялық оркестрдің басқа оркестрлер-ден айырмашылығы туралы өз түсінігіңмен бөліс.
Симфония жанрын сараптау туралы біліміңді қолданып, «Жайлауда» симфониялық поэмасының негізгі жəне қосалқы тақырыбын анықта.
В.А.Моцарт жəне Қ.Мусин шығармашы-лығына талдау жаса.
Өнердегі стильдерді хронологиялық тəртіппен жинақта.
«Симфония» тақырыбына синквейн жаз.
Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера жəне балет театры
Сабақта:
Опера жəне балет өнерімен танысу;
Опера мен балет шығарған композиторларды білу ;
Музыкалық терминдерді түсіне білу;
Опера мен балет шығармаларынан үзінді тыңдау;
Қазақ операсы мен балеті туралы дерек алу;
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
Опера – музыканың ең бай жəне күрделі жанры болып саналады. Операда поэзия жəне драмалық өнер , вокалдық жəне аспаптық музыка, би, кескіндеме , сахна суреттері жəне сахналық киімдер тұтастық құрайды. Операдағы му-зыка уақиғаның басты қозғаушы күші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: