Кейінгі жылдары А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (1944), М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» (1946), С.Мұхамеджановтың «Айсұлу» (1964), Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» (1963) жəне Ғ.Жұбанованың опералары бұл саладағы ұлттық өнерді жаңа белеске көтерді.
2013 жылы Астана қаласында «Астана-опера» ұлттық опера жəне балет театры ашылды.
Балет – хореографиялық бейнелер арқылы сипатталған сахыналық өнердің түрі. Классикалық балеттің негізінде драматургиямен байланысқан уақиға желісі либретто арқылы баяндалады.
Балет Еуропа өнерінде XV–XVI ғасырларда сарай көрсетілімі ретінде Италияда пайда болды. Кейін ол Фран-цияда сəн-салтанатты ойын-сауық ретінде дамыды. Дербес сахналық өнер ретінде балет тек XVIII ғасырдың 2-жар-тысында француз балетмейстері Ж.Новерраның бетбұрыс жасауымен байланысты. Ресейде өркендеген балет өнеріне П.И.Чайковский өлшеусіз зор үлес қосты. Оның «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» (Шерткіш) атты ту-ындылары – балет өнерінің жауһарлары.
ХІХ ғасырағы сал-серілер өнерінде би қимылдары əн мен күйде жүзеге асты. Əншілер Берікбол Көпенұлы
Достарыңызбен бөлісу: |