(«Ағашаяқ»), Шашубай, күйші Тəттімбет əсем саз ырғағымен жылқыларды билетсе, Дəулеткерей мен Қазанғап «Ақжелең» бишіл күй ырғақтары арқылы жан дүние түкпірінде жатқан нəзік сезімдерін білдірді.
1934 жылы Алматы қаласында республикада тұңғыш хо-реография училищесі мектеп түлектерін қабылдай бастады. Ал Опера жəне балет театрының музыкалық студиясының жанынан балет тобы құрылды. Студияның алғашқы үйренушілерінің ішінде қазақтан шыққан тұңғыш кəсіпқой биші Ш.Жиенқұлова болды. Студиялықтардың бірінші шығармашылық қадамы 1934 жылдың каңтар айында Мұхтар Əуезовтің (Жұмат Шанин қойған) «Айман – Шол-пан» музыкалы қойылымына қатысудан басталды. 1937 жылы Қазақстандағы алғашқы балет – В.Великановтың «Қалқаман – Мамыр» туындысы сахналанды.
1967 жылы Қазақ КСР халық əртісі Болат Аюхановтың жетекшілігімен тағы бір өнер ұжымы шаңырақ көтерді. Ол əуелі «Алматының жас балеті», ал 2003 жылдан бастап Қа-зақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би те-атры болып қайта құрылды. Бұл ұжым классикалық балет миниатюраларымен бірге «Шопениана», «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Шыңғыс хан», «Қыз Жібек» сияқты басқа да ұлттық, əлемдік хореографиялық бір актілі балеттерді орындап келеді. Сонымен бірге «Гүлдер», «Салтанат» би ансамбльдерінің репертуарын қазіргі эстрадалық хореографиялық билер құрайды.
2015 жылдың 11 наурызында Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Орталық Азияда тұңғыш балет өнерінің жоғары оқу орны Қазақ ұлттық хореография академи-ясы ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: