5-САБАҚ
ҚАЗАҚТЫҢ КƏСІБИ МУЗЫКАСЫ
Дəстүрлі əншілік өнер
Сабақта:
Қазақ халқының ауызша-кəсіби əншілік өнерімен та-нысамыз;
Дəстүрлі əншілік мектептердің көрнекті өкілдері тура-лы білеміз;
Музыкалық терминдерді түсініп, үйренеміз;
Біржан сал, Мұхит Мералыұлы жəне Кенен Əзірбаевтың əндерін тыңдаймыз жəне айтамыз;
Тыңдалған əндерге талдаулар жасаймыз.
Əн – халқымыздың тыныс-тіршілігімен ықылым заман-нан бері біте қайнасып келе жатқан, тұрмыс-салтымызда ерекше орын алатын өнер. Əсіресе, қазақтың ауызекі түрде дамыған кəсіби əн өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысын-да айрықша көркем құбылыс ретінде қазақ даласының əр өңірінде оқшауланып, əр аймақта тек сол өлкеге тəн өзіндік ерекшелігімен дараланды. Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр жерімізде əншілік дəстүр əуендік, орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше өлкелік мектептер бо-лып қалыптасты. Атап айтқанда, Алтай-Тарбағатай, Арқа, Жетісу, Сыр бойы, Батыс Қазақстан əншілік, орындаушылық дəстүрлері. Арқа əншілік мектебі – Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Естай, Мəди, Майра т.б., ал, Сыр бойы – Жиенбай, Нұртуған, Нартай əншілік-жыршылық мектебі, Жетісу – Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Дəнеш сияқты ақын-жыршы, əнші-композиторлардың шығармашылық мұралары өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленеді, Батыс əншілік мектебін ерекшелейтін Махамбет, Мұхит – жеке дара орындаушылық дəстүр болса, Маңғыстау жырла-ры жəне жеті қайқы əндері өзінше бөлек салаға бөлінеді. Сонымен қатар еліміздің шығыс өңірінде өзіндік ерек-ше нақышпен, жаңашыл бағытта қалыптасқан Абай жəне оның ақын, əнші шəкірттері Шəкəрім, Ақылбай, Əсет, Уəйіс, Берікбол, Мұхамеджан, Шəкір Əбенов сияқты əнші-композиторлардың əншілік үрдісі өз алдына айрықша мек-теп болып табылады.
(1841–1918)
Достарыңызбен бөлісу: |