А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка



бет24/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92

«ТУҒАН ЖЕР»



Кенен Əзірбаев
Туған жер, тауың да ыстық, тасың да ыстық, Туған жер, бауырың да ыстық, басың да ыстық. Тоғайың, топырағың аунап өскен, Тобылғың төбелерің қандай ыстық.
Қайырмасы:
Туған жер, туған жер,
Балапан, көбелек қуған жерім-ай!
Туған жер сай мен сала аймағында,
Əн шырқап қазақ, қырғыз жайлауында.
Салқын су, самал желі жұпар аңқып,
Менің де əсер бердің сайрауыма.
Қайырмасы.




6-САБАҚ



ҚАЗАҚТЫҢ КƏСІБИ МУЗЫКАСЫ
Жазбаша кəсіби музыка
Сабақта:


  1. Қазақстанның кəсіби академиялық музыкасының жанрларымен танысамыз;

  2. Қазақстанның симфониялық, фортепианолық жəне во-калды музыка жазған композиторларымен танысамыз;




  1. Симфониялық күй жанры туралы дерек аламыз;




  1. Қазақстан композиторларының симфониялық, фортепианолық жəне вокалдық шығармаларын тыңдаймыз;

  2. Б.Байкадамовтың «Домбыра» əнін үйренеміз;




  1. Қазақ фортепиано музыкасының іргетасын қалаушы жəне қазақтан шыққан тұңғыш пианист жайлы мағлұмат аламыз.

Қазақтың академиялық кəсіби музыкасының қалыптасуы




  • ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Қазақстан ком-позиторлары симфониялық увертюра, симфониялық по-эма, симфониялық сюита жанрларын игеріп, ХХ ғасырдың 30-40-жылдарындағы бұл бағыттағы шығармалардың əуендік негізі халықтық дайын əуендерге сүйенді. Осы кезеңнің симфониялық музыкасына Е.Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев зор үлес қосты. Күйдің дүниетанымдық, философиялық заңдылықтары мен зама-науи тəсілдердің үйлесімі Ғ.Жұбанованың «Жігер» симфо-ниясынан көрініс тапқан. Бес бөлімінің əрқайсысында ұлы сазгер Дəулеткерейдің күйлері шығарманың басты идея-сын – адам тағдыры мен жеке тұлғаның өмір күйзелістерін жеңуін жеткізеді. Симфонияның 4-бөліміндегі шарықтау шыңында «Жігер» күйі орган аспабымен орындалады. Бұл




30 31


тəсіл арқылы симфонияның басты идеясы бүкіл əлемдік сипат алады. Қазақстан симфониялық музыкасының жаңа белесі симфониялық күй жанрының туындауымен байла-нысты. Е.Рахмадиевтің «Дайрабай» жəне «Құдаша-думан» симфониялық күйлері – төкпе күй құрылымының негізінде симфониялық оркестрмен орындалған шығармалар.

  • ғасырдың 60–70-жылдарынан бастап Қазақстанның симфониялық туындыларында бірнеше ұлттық мектептер да-раланды. Олар қазақ, орыс, ұйғыр, дүнген, корей т.б. Əсіресе ұйғыр мектебінің көрнекті өкілі Құддыс Қожамьяров пен дүнген симфониялық музыкасының негізін салушы Бəкір Баяхунов сынды композиторлар осы бағыттағы музыкаға зор үлес қосты. Олардың туындыларында симфонияның заңдылықтары өз халықтарының дəстүрлі музыкасының көркем тіл жүйесімен үйлесім табады.



Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
attach -> Ән – көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен – сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет