<<Оңтүстік Қазақстан АО<<Южно-Казахстанская
Медицина Академиясы>>АҚ Медицинская Академия>>
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Глоссарий
Тақырып: Кілегейлі қабықтар мен мүшелердің құрамындағы эпителий тіндердің мамандануы.
Орындаған : Әмір Е.Н.
Тобы: В-ЖМҚА 103-19
Қабылдаған: Тоймбетова К.А.
Бір қабатты қабықшалы эпителий, однослойный плоский эпителий, single layer squamous epithelium - эпителиоциттері негіздік жарғақта орналасқан бір қабатты жабынды тін.
Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителий, однослойный многорядный призматический реснитчатый эпителий, single-layered multilayer prismatic ciliary epithelium - тыныс жолдары ең қосымшасы мен жатыр түтігі кілегейлі қабықтарын астарлайды.
Бағана тәрізді эпителий, однослойный столбчатый эпителий, columnar epithelium – жасушалары ұзынша, ішек пен қарынның ішкі қабатында орналасқан.
Текшелі эпителий, кубический эпителий, cubic epithelium – бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады.
Кірпікшелі эпителий, эпителий ресниц, eyelash epithelium – бағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділер болады, олар шаң-мен тозаңды ұстап қалады.
Сезгіш эпителий, чувствительный эпителий, sensitive epithelium – тітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында орналасқан.
Безді эпителий, железистый эпителий, glandular epithelium – сүт, тері, жас, құлық, сілекей бөледі.
Ауыспалы эпителий, переходный эпителий, transitional epithelium - қабырғалары несеппен толған кезде едәуір созылуға жататын қабырғаларды қаптайды.
Аш ішектің эпителийі, эпителий тонкой кишки, small intestine epithelium - цилиндр тәрізді және құрамында гоблет жасушалары болады.
Көпқабатты эпителий, многослойный эпителий, stratified epithelium - эпителий жасушаларының көп қабаттарынан құралған тін.
<<Оңтүстік Қазақстан АО<<Южно-Казахстанская
Медицина Академиясы>>АҚ Медицинская Академия>>
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Тест
Тақырып: Кілегейлі қабықтар мен мүшелердің құрамындағы эпителий тіндердің мамандануы.
Орындаған : Әмір Е.Н.
Тобы: В-ЖМҚА 103-19
Қабылдаған: Тоймбетова К.А.
Жабынды эпителийдің базальді мембранасы мына тіндердің қайсысының тіршілігінен пайда болады:
эпителий тіні мен дәнекер тінінен
ет тінінен
май тінінен
нерв тіні мен дәнекер тінінен
қан плазмасынан
Бір қабатты жалпақ эпителиймен (мезотелий) мыналардың қайсысы тысталады:
сірлі қабық
өңештің кілегейлі қабығы
несеп ағардың кілегейлі қабығы
кеңірдектің кілегейлі қабығы
асқазанның кілегейлі қабығы
Аш ішектің тағамды сору қызметін атқаратыны белгілі. Осы қай эпителийге жатады.
бір қабатты цилиндр тәрізді жиекті
бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі
бір қабатты жалпақ
ауыспалы эпителий
көп қабатты жалпақ мүйізделген
Жасушаларының пішіні әртүрлі, бірақ олардың барлығы да базальді мембранаға бекінген. Бұл эпителий қайсы:
бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі
бір қабатты жалпақ
бір қабатты бағаналы
бір қабатты куб тәрізді
көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
Көп қатарлы кірпікшелі эпителийдің құрамындағы безді жасушасы қайсы:
бокал тәрізді жасуша
ұзын қыстырма жасуша
қысқа қыстырма жасуша
базальді жасуша
кірпікшелі жасуша
Көп қатарлы кірпікшелі эпителийдің құрамындағы бокал тәрізді эпителиоциттердің қызметі:
шырыш бөледі
фагоцитоз
иммунді реакцияға қатысады
гормондарды бөледі
регенерацияға қатысады
Көп қатарлы кірпікшелі эпителий мына мүшелердің қайсысында болады:
кеңірдекте
бүйрек түтікшелерінде
асқазанда
өңеште
ішекте
Базальді, тікенекті және үстіңгі жасушалар қабатынан тұратын эпителий:
көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
көп қабатты жалпақ мүйізделген
көп қатарлы кірпікшелі
бір қабатты бағаналы эпителий
ауыспалы эпителий
Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің қай қабатында бағаналы жасушалары кездеседі.
базальді қабатында
тікенекті қабатында
дәнді қабатында
жылтыр қабатында
мүйізделген қабатында
Мүшенің созылуына байланысты құрылысы үнемі өзгеріп отыратын эпителий қайсы:
ауыспалы эпителий
көп қабатты жалпақ мүйізделмеген
көп қабатты жалпақ мүйізделген
көп қатарлы кірпікшелі
бір қабатты бағаналы
<<Оңтүстік Қазақстан АО<<Южно-Казахстанская
Медицина Академиясы>>АҚ Медицинская Академия>>
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Достарыңызбен бөлісу: |