Талшықтары көбіне-коллагенді.Коллаген талшықтары өзара қалың байламдарға біріктірілген.Сол себепті,олар тығыз болып келеді.Коллагенді талшықтардың көптілігінен бұларда жасуша ішілік оксифилия айқын байқалады.Оксифилия-қышқылдық бояумен бояу үдерісі.Оларға:орэндж G,эритрозин.пикрин қышқылы,эозин жатады.
Тығыз талшықты пішінделген
Жасушалары аз,талшықтары көп және ретті, жинақы болады.
Локализациясы:сіңірлерде,байламдарда,фасция.фиброзды мембраналарда болады-буынның көмекші элементі,көздің мөлдір қабығының өзіндік қабығында.
Олар сіңірлік жасушалар немесе тендиноциттерден тұрады.Бойлық кесінділерде бұл жасушалардың пішіні параллелограмды,ромб немесе трапеция тәріздес,ал көлденең кесінділерде-жұлдызша пішінді.
Бірінші ретті будалар –эндотенониймен қоршалған(Нәзік дәнекертінді қабат).
Эндотенонийда қан мен лимфа тамырлары,нерв тармақтары өтеді.Олар сіңірдің тартылу күйі туралы сигнал береді.
Екінші ретті будалар-перитенониймен қоршалған(қалыңдау дәнекертінді қабат).Қан,лимфа тамырлары,нервтер өтеді.
байламдар
Сүйектерді бір-бірімен байланыстыратын,сіңірлерге ұқсас құрылған анатомиялық құрылымдар.Бірақ байламдарда коллагенді талшықтардың кеңістіктік орналасуы ретсіздеу болып келеді.Кейбір байламдардың құрамында эластикалық талшықты будалардың мөлшері көп болады.Мысалы:желке байламында,дауыс және омыртқаның сары байламдарында.
Ерекше қасиетті дәнекер тіндер
Ретикулярлы тін Май тіні Шырышты тін
Ретикулярлы тін
Ретикулярлы тін-қан түзуші мүшелерді(сүйектің қызыл кемігі,лимфа түйіндері,бадамшалар) құрайтын қан түзуші миелоидты және лимфоидты тіндерінің құрамдасы.
Бұл талшықтар қарапайым коллагенді талшықтарға қарағанда жұқарақ болып келеді.
Май тіні
Май тіні көптеген мүшелерде кездесетін май жасушаларының(адипоциттердің) жиынтығы.
Май тінінің функциялары:1.Арнайы;2.жеке функциялары деп бөлінеді.
Арнайы функциялары:липидтерді жинақтау,липидтерді алмасуын қамтамасыз ету.
Жеке функциялары:1.энергетикалық;2.тіректік,қорғаныш;3.жылулық оқшаулау;4.жылу өндіру;5.миелоидты қан түзу процестерін реттеу;6.майда еритін витаминдер қорын жинақтау;7.эндокриндік
Ақ май тіні Ересек адамда болады
Тер астында,май безінде,мүшелердің май жинақ-
Талатын жерінде,диафизді трубкалы сүйектерде
(Желтый костный мозг)
Ядролары перифириялыққа бөлікке ығыстырылған.
Жасуша ішінде ұлкен май тамшысы бар.
Митохондриялары аз.
Функциялары:
1.Депонирование яғни қорға жинау
2.Жылулық оқшаулау
3.Механикалық қорғаныш
Май жұмсалады:өзінің тұрған жерінде емес басқа
жерде
Қоңыр май тіні Жаңа туылған нәрестелерде кездеседі.
Жауырын жақта
Кеуде қуысының артында
Ересек адамдарда бүйрек қақпаларында және
Өкпе түбірінде кездеседі.
Ядролары жасуша ортасында орналасқан.
Жасушада көп ұсақ майда май тамшылары бар.
Цитоплазмада митохондриялары көп сол себепті қоңыр түс береді.
Функциясы : жылу өндіреді.
Май жылу сақтап тұру үшін жұмсалады бірақ өзінің тұрған жерінде
Шырышты тін
НӘРЕСТЕНІҢ ЖАТЫР ІШІНДЕ ДАМУЫ КЕЗІНДЕ ОЛАР КӨПТЕГЕН ІШКІ АҒЗАЛАРЫНДА,ӘСІРЕСЕ,ТЕРІ АСТЫНДА КӨП БОЛАДЫ.Мысалы ретінде кіндік бауды толтыратын вартон сілікпесін алуға болады.Ол ұрықтан тыс бұл ағзаға өтетін қан тамырларын қысылудан сақтайды.кіндікбаудың серпімділігін қамтамасыз етеді.
Құрамы:мукоцит жасушалары,гомогенді жасушааралық заттан тұрады.
Нашар боялған цитоплазмасында гликогені көп болады.
Шырышты тіннің негізгі аморфты затында гиалурон қышқылының көп болғанынан ол гидрофильді яғни суды жақсы тартады.Сол себепті ол –шырышты .