Қауіпсіз интернет



Дата09.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#110603
Байланысты:
Қауіпсіз ғаламтор сынып сағаты

Қауіпсіз ғаламтор

Ғаламтор туралы кіріспе

  • Ғаламтор туралы кіріспе
  • Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
  • Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
  • Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген
  • Ғаламтордың пайдасы
  • Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
  • 1. Алысты жақындату
  • 2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
  • 3. Сана – сезімді жоғарылату.
  • 4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
  • 5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
  • 6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
  • 7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
  • 8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
  • 9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
  • қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
  • 10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
  • — Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
  • — Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
  • — Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
  • — Қаржылық операциялар жасауға;
  • — «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес
  • Ғаламтордың зияны.
  • Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс – шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Ғаламтор және бала денсаулығы

  • Ғаламтор және бала денсаулығы
  • Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы. Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер, суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Алайда ғаламтордың қаупі де аз емес. Мысалы, ресейлік ғалымдардың айтуынша, бүкіләлемдік шырмауық-торда экстремистік және террористік сипаты бар, қырықтан астам сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Жазғы демалыста жеткіншектердің ғаламторды пайдалануын зерттегендер айтады: «Биыл жасөспірімдердің 4 пайызы жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді көрген, 14,5 пайызы беймәлім адамдармен кездесуге келіскен, 19 пайызы парносайттарға енген, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы ақпараттарды тамашалаған, 16 пайызы нәсілшілдік мазмұндағы сайттарға кірген» - деп. Мінеки, қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің өзіне-өзінің қол жұмсауының бір сыры осында жатқан тәрізді. Жеткіншіктер үшін ғаламтордың бір зиянды жағы: мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Әрине, қазіргідей техникалық-ғылыми прогресс дамыған заманда компьютердің, ғаламтордың дұрыс пайдалана білген адамға пайдасы зор. Ол талас туғызбайтын ақиқат. Тек оған біздің көптеген жастарымыздың таным-түсінігі жетпей жататыны болмаса...

1.Қандай ғаламторларды білесіңдер?

  • 1.Қандай ғаламторларды білесіңдер?
  • 2.Ғаламтор адам өміріне қауіпті ма?
  • 3.Күніне қанша сағатыңды ғаламторға жібересің?
  • 4.Вконтактені кім ойлап тапты?
  • 5.Әлеуметтік желілердін пайдасы?
  • 6. Әлеуметтік желілердін зияны?
  • 7.Ғаламтордан алынған ақпарат ДК-ге әсері қандай?
  • 8.Біріңғай іздеу жүйелерінің бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтары?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет