А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді Көрерменің қандай, қазақ театры?



бет1/3
Дата21.01.2022
өлшемі21,71 Kb.
#113269
түріСценарий
  1   2   3
Байланысты:
қазақ театры
қазақ театры

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Көрерменің қандай, қазақ театры?

Соңғы уақыттарда театр актерлеріне сыни көзқараспен қараушылар көбейіп жатқанын байқаймыз. Режиссердің жұмысы, қойылымның сценарийі, сахна мәдениетіне көңілі толмай жатқандар артты. Бірақ ешкім көрермен мәдениетін ескермейді. Менің ойымша, осы мәселеге де ерекше көңіл бөлу керек секілді.

Бүгінгі күні театрға барсаңыз, мәдениетті халықты көру қиындап кеткенін байқайсыз. Бұл ащы болса да шындық. Себебі көрермендер қарапайым ұялы телефондарын өшірмей, қойылым кезінде оның қоңырауына ие бола алмай жатады. Жастар қойылым көруге емес, әңгіме айтып, көңіл көтеруге келетін секілді. Жырқ-жырқ күлкі, бос әңгіме театрды шын ниетімен көруге келген адамдарды мезі етіп, оларға кедергі жасайды. Айта берсек, кемшілік көп. «Қара халықтың мәдениетті болуынан,мәдениетті адамның қазақ болу қиын»,- дейді Жүсіпбек Аймауытов. Бәрі өзімізге байланысты. Егер театр ұжымынан жоғары деңгейдегі қойылымды күтсек, өзіміз де сол деңгейге лайық болайық! Сонымен, театр көрермені ретінде сіз сақтауға тиіс 10 қағида:


  • Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз. Билетті алдын ала сатып алғаныңыз дұрыс.

  • Киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс киімімен келуші болмаңыз.

  • Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды мұнда көрсетудің қажеті жоқ. Сіздің театрға келгендегі мақсатыңыз – рухани ләззат алып, жаныңызды жайландыру.

  • Билетте көрсетілген орынға отырыңыз. Билетіңізде көрсетілген орынға отырсаңыз, сізді ешкім де жылы орныңыздан қозғамайды.

  • Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды не дыбыссыз режимге қойыңыз, не сөндіріп тастаңыз.

Сахнаның аса киелі екенін ешқашан да ұмытпайық! (208 сөз)


Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет