А. Н. Бейсенова «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша


Карта бойынша нүктелерді анықтаңыз. А) Картадан Алматының ендігін анықтаңыз Б)Орал қаласының бойлығын анықтаңыз. 5



бет5/11
Дата03.09.2022
өлшемі2,41 Mb.
#148652
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша «Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі» пәнінен ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

4. Карта бойынша нүктелерді анықтаңыз.
А) Картадан Алматының ендігін анықтаңыз
Б)Орал қаласының бойлығын анықтаңыз.
5. Еліміздің географиялық картадағы орнын анықтаңыз.
6. Кескін картаға Республиканың шекарасын сызып белгілеңіз. Қазақстан мен көршілес егеменді республикалардың аттарын жазыңыз.
7. Қазақстан аумағын кесіп өтетін сағаттық белдеулерді анықтаңыз.
8. Карта-сұлбада қандай ескі өндірістік аудан бейнеленгенін анықтаңыз. Суретте көрсетілген географиялық нысандар аттарын жазыңыз.
Осы ауданда орналасқан жүк тасымалы бойынша дүниежүзінің ең ірі өзен портын және оның басты екі жүк түрлерін атаңыз. Осы ауданның шаруашылығының салалық құрылымының негізінде қандай ресурстар жатыр? Оның мамандануының негізгі түрлерін атап, дәлелдер келтіріңіз.





9. Қалалар:
Каунас, Кёнджу, Исфахан, Киото, Алматы
Бұрындары мемлекеттің астаналары болған. Бұл мемлекеттердің қазіргі астаналарын атаңыз. Бұл қалалардың астаналық қызметінен айырылу себептерін түсіндіріңіз. Қазіргі уақытта аталған қалалардың ішінен шаруашылықты мамандандыру салалары мен қызметтері қандай екенін сипаттаңыз?
10. Елдегі ең үлкен қаласы. Терең шұңғымада орналасқан, 2000 жыл бұрын жылы минералды көздің жанында қалыптасқан. Алғашында бұл жерде фракия тайпаларының бірі – сердтер қоныстанды, олардың кенті Сердико деп аталған. Кент Батыс және Шығыс аралығындағы сауда жолдарында орналасқан және Рим империясы кезінде маңызды сауда орталығы болған. Түріктерден азат болғаннан кейін бұл кент оның астанасы болып жарияланды. Қаланың таңбасында «Өсуде, бірақ қартаймайды» сөйлемі жазылған.
Сұрақ. Осы елді және астанасын атаңыз.
11. Жюль Вернның «Капитан Гранттың балалары» атты романың оқығандар оның кейіпкерлері капитан Грантты іздеу барысында ғажайып оқиғаларды бастан өткізгендері есінде қалған болар.
Олар 37° о.е. бойынша барлық Оңтүстік Американы шарлап, осы паралельмен жүре Атлант және Үнді мухиттарын өтіп, Австралия мен Жаңа Зеландияны кесіп өтеді. Соңында Тынық мұхитындағы Табор аралында ержүрек теңізшіні кездестіреді. Кітап кейіпкерлеріне жер шарын айналған саяхат жасауға тура келді. Оның себебі, олар мұхиттан аулап алған құмыраның ішіндегі хатта 37°11' о.е. деген жазу сақталған.
Егер саяхат 37° о.е. паралель бойымен емес 27° о.е. паралель бойымен жүрген болса, кейіпкерлердің саяхаты қалай өзеретінің елестетіп көріңдерші.
Қандай табиғи нысандарды қиып өтетін еді? Оларды күтетін қиындықтарды атаңдар. Олардың саяхаты жеңілдер ме, әлде керісінше қиындықтар көбірек кездесер ме еді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет