А. Н. Садвакасов Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебі


Орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы



бет3/4
Дата02.01.2022
өлшемі68,31 Kb.
#107863
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Әдістемелік кеңестің 2020

Орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 тамызда № 21081 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

      1) 2020 - 2021 оқу жылының басталуы - 2020 жылғы 1 қыркүйек;

      2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

      3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

      1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 10 күн (2020 жылғы 5-14 қараша аралығында), қысқы – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2021 жылғы 20-31 наурыз аралығында);

      1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2021 жылғы 8-14 ақпан аралығында).

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі



Тамыз

Мектеп директоры

Садвакасов А.Н



2

Нормативтік құжаттармен танысу, оқу тәрбие процесінің басталу жайы, әдістемелік кеңестің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру, атлқылау, бекіту

 

Оқу ісі меңгерушісі

Шарипова Р.К



3

Жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау, 2020-2021 оқу жылына арналған «Жас маман» клубының жұмыс жоспарын талқылау, бекіту

 

«Жас маман» жетекшісі

Бигалиева К.Ш

Жумагулов Д.М




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет