Байланысты: 8 сабақ. Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі
Ақ Орда Жошы ұлысының шығыс қанаты ретінде. Алтынордалық билеушілер алғашында Ақ Орданың істеріне араласқан жоқ. Ол іс жүзінде тәуелсіз болды.
ЗКТ: Орыс хан тұсында Ақ Орда күшейіп, Жошы әулетінің сол қанаты тиесілі барлық жерді біріктірді. Ол Ақ Ордаға Сырдария бойындағы қалаларды, әсіресе астаналық қала Сығанақты қайтарды. Ал Бату ұрпақтары Еділ бойында болды. Кейін ол шайбанилердің Батыс Қазақстандағы жер иеліктерін қосып алды. 1376-1876 жылдары Орыс хан алтынордалық Сарайшық, Қажы-Тархан мен Сарай қалаларын басып алды және ол жерде өз ақшасын шығара бастады.
Алтын Орданың әлсіреуіне байланысты ХIV ғ. ІІ жартысында Ақ Орда өзінің шарықтау шегіне жетті. Орда Ежен ұрпақтары Ұлытауда билік құрды және қазіргі Қазақстанның барлық аумағына тарады. Сығанақ Ақ Орданың астанасы болып хандар сол қалада қыстап, жазда Арқа жерін жайлады. Орыс хан біріктірген орасан аумақ - қазақтардың этникалық аумағы және болашақ Қазақ хандығының мемлекеттік аумағы. Сондықтан Орыс ханның Ақ Ордасы бірінші қазақ мемлекеті болып есептеледі.
Орыс ханның өлімінен кейін Тоқтамыс бүкіл Жошы ұлысын өз қол астына біріктірді. Орыс ханның ұрпақтары Ақ Ордадағы өз билігін қалпына келтіру үшін күресе бастады. Далалық тайпалардың бір бөлігі оларды, екінші бөлігі Тоқтамысты, кейін шайбанилерді қолдады. Орыс ханның ұрпағы Бараққа Шығыс Дешті Қыпшақты бес-алты жылға біріктірудің сәті түсті. Бірақ 1428 жылы оның өлімінен кейін Ақ Орда ыдырап кетті. Енді оның көп бөлігіне шайбанилік Әбілхайыр хан өз билігін жүргізді.