Байланысты: 8 сабақ. Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі
«Ақ Орда» ұғымы. Жошы ұлысының шығыс бөлігінде Орда Ежен ұрпақтарының ұлысы бөлектене бастады. Осы Орда Ежен ұлысы Ақ Орда деп аталды. Ұлы Даланың батыс бөлігін жаулап алғаннан кейін, Бату Еділ жағалауына қоныс аударды. Жайық өзені Орда Ежен мен Бату ұлыстарының арасындағы шекараға айналды. Батыс Қазақстанда Батуды кіші інісі Шайбан қалып, ол шайбанилердің жеке ұлысының негізін қалады. Бұл ұлыс Көк Орда деп аталды. XIV ғасырдың екінші жартысында шайбанилер Алтын Ордадағы билікті басып алып, оған өз ұлысының атын (Көк Орда) берді. 1370 жылдарының қарсаңында олардың бұрынғы ұлысы Орда Ежен ұрпағы Орыс ханның Ақ Ордасына қосылды.