Алтын Орда саяси дербестік алған бірнеше хандықтарға бөліне бастаған уақытта Қазақстан жерінде Ақ Орда деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет
1242 ж. Батый ханның Еуропаға жасаған 7 жыл-
1242 ж. Батый ханның Еуропаға жасаған 7 жыл-
дық жаулап алу жорықтарына қатысып, монғол
күштерінің сол қанатын басқарған Орда Ежен Алтын Орда
мемлекетінің шығыс бөлігіне иелік етеді.
Жер аумағы.
Территориясы: батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер.
Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы).
Халқы – түрік тілді тайпалар.
Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батый хан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең сатысына жетті.
Халқы – түрік тілді тайпалар. Оны құраған халық сол өңірде ежелден тұрып келе жатқан қыпшақтар, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, керей, үйсін, найман тайпалары.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы – Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.
Ұрұс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп
тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Ұрыс хан тұсында
едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша
Ұрұс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған.
Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше
күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің
ХІҮ ғ. аяғы – ХҮ ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар.
Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп тұрған.