А. П. Голубев, Н. В. Балюк, И. Б. Смирнова



Pdf көрінісі
бет157/200
Дата19.07.2022
өлшемі2,62 Mb.
#147597
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   200
V.
 
 
ІСКЕРЛІК
 
АҒЫЛШЫН
 
ТІЛІ 
 
 
 
 
 
LESSON 25 
 
Topic 1: Preparation for Studies Abroad. 
Topic 2:  Correspondence with the Chosen University. 
Preparation for Studies Abroad 
Егер Америкада немесе Канадада шетелдік университетке түскіңіз 
келсе, онда қабылдау комиссиялары сізден өзіңіз туралы шағын эссе 
жазуды талап етеді (екі бет машина жазба мәтіні). Оны кейде Personal 
Statement, Statement of Purpose немесе Statement of Reasons деп атайды. 
Бұл эссені қабылдау комиссиясының қызығушылығын тудыратындай 
қысқаша баяндау қажет. Бұл жай ғана өмірбаяныңызды жазу емес, 
дұрысы, сол университетке тапсыру туралы шешіміңіздің себептері 
қандай екенін, қандай негізде таңдаған салада жетістікке жетемін деп 
ойлайтыныңызды; осы салада қандай тәжірибеңіз бар екенін қысқаша 
баяндау болып табылады. Мұндай эссе оқытушыларға болашақ 
студенттің жеке басы туралы түсінік қалыптастыруға көмектесуі тиіс. 
Сондықтан сіз оларды сізді шынында университетке қабылдау қажет 
екеніне сендіруіңіз қажет. 
Personal Statement құрастырудың кейбір жалпы қағидаттары: 
1.
Сіздің мінез-құлқыңызды және өмірлік жоспарларыңызды 
түсінуге ненің жақсы көмектесетіні туралы жазыңыз. 
2.
Өзіңіз жайлы жіберетін барлық ақпарат эссенің жалпы 
мақсатымен байланысты болуы керек. 
3.
Эссе жағымды ақпаратты ғана қамтуы тиіс. 
4.
Аты-жөніңізді, таңдаған мамандығыңызды көрсетіп, қолыңызды 
қою қажет. 
Америкалық және канадалық университеттерде кезек-кезекпен үш 
дәрежені береді: бакалавр — Bachelor (ТМД университетінің үш-төрт 
курсына сәйкес келеді), магистр — Master (университете тағы екі жыл 
оқу), доктор — Doctor (университетте тағы 3-5 жыл оқу). 
Ресейлік кәмелеттік аттестаты шамамен он екі жылдық мектепті 
бітіргені туралы куәлікке тең. Жоғары білім туралы дипломдар әдетте 
арнайы бағдарлама бойынша америкалық университеттің төрт 
жылымен бірдей.
Америкалық және канадалық университеттерде шетеолдік 


267 
стундерттерге бөлінетін дерлік барлық шәкіртақылар екінші және 
үшінші оқу сатысына кетеді (graduate studies). Бірақ егер бірінші сатыға 
түсу туралы шешім қабылдасаңыз (undergraduate studies), қажетті 
құжаттарды жинауға болады — олар туралы әрі қарай сөз етіледі — 
сондай-ақ оқу шарттары және қаржылай қолдау мүмкіндіктері туралы 
барлық ақпаратты білу үшін, таңдаған университетіңізбен байланысуға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет