А. П. Голубев, Н. В. Балюк, И. Б. Смирнова



Pdf көрінісі
бет7/200
Дата19.07.2022
өлшемі2,62 Mb.
#147597
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   200
Дауыссыздар
Төменде көрсетілген дыбыстар жұбында әрбір бірінші дыбыс қатаң, 
әрбір екінші дыбыс ұяң болып табылады. 
Дыбыстар  Алдыңғы қатар дауыстылары. 
 мен әріптер:  Дауыссыздар.
Text: The Whites.


15 
Шуылды жабысыңқы дауыссыздар
[p], [b] 
Еріндер орыс тіліндегі [п] және [б] дыбыстарына қарағанда, 
қиналыңқы болады. Олар бір секундтай берік жабысып, бірнеше рет 
ашылады және ауа екпіні шуылмен ауыз қуысына шығады. [p] дыбысы 
ұзақ екпінді дауыстының алдында қырылдап айтылады. Мысалы: pen 
[pen], boot [bu:t]. 
[t], [d] 
Ағылшын тіліндегі [t], [d] дыбыстарын айтқан кезде, тіл артқа қарай 
жылжып, тіл ұшы альвеолаға тиіп тұрады. Орыс тіліндегі [т] және [д] 
дыбыстарын айтқан кезде, тіл ұшы алдыңғы үстіңгі тістерге тиіп 
тұрады. [t] дыбысы қырылдап айтылады. Мысалы: tent [tent], dog 
[dɒɡ]. 
[k], [g] 
Ағылшын тіліндегі [k] дыбысы, орыс тіліндегі [к] дыбысымен 
салыстырғанда, қырылдап айтылады. [ɡ] дыбысы орыс тіліндегі [г] 
дыбысына ұқсайды. Мысалы: cat [kxt], gift [gɪft]. 
Шуылды ызың дауыссыздар 
[f], [v] 
Астыңғы ерін орыс тіліндегі [ф], [в] дыбыстарын айтқандағыдай, 
күрек тістерге ішкі емес, сыртқы жағынан тиіп тұрады. Екі дыбыс та, 
орыс тіліндегі дыбыстарға қарағанда, үлкен ауа қысымымен және
сәйкесінше, үлкен шуылмен айтылады. Мысалы: fox [foks], vase 
[
vɑ:z
].
[θ], [
ð

Орыс тілінде мұндай дыбыстар жоқ. Тіл ұшы үстіңгі күрек тістердің 
үшкір шетіне қарай қысылады, бірақ алдыңғы үстіңгі және астыңғы 
тістердің арасында алға қарай жылжуы мүмкін. Бұл дыбыстар орыс 
тіліндегі [с], [з] дыбыстары сияқты, «сыбыс» дыбыстар емес, 
«шолжын» дыбыстар. Мысалы: thin [θ in], then [
ð
en]. 
[s], [z] 
Ағылшын тіліндегі [s], [z] дыбыстарын айтқан кезде тіл ұшы 
альвеолаға қарай көтеріліп, тіл біраз артқа қарай жылжиды (орыс 
тіліндегі [с], [з] дыбыстарын айтқан кезде ол түсіңкі болады). 
Сондықтан [s], [z] дыбыстары орыс тіліндегі тиісті дыбыстар сияқты 
сыбыс дыбыстар емес. Еріндер біраз сүйірленеді. Мысалы: sack [sæk], 
zoo [zu:].
[
ʃ
], [ʒ] 
[ʃ], [ʒ] дыбыстарын айтқан кезде тіл ұшы және оның алдыңғы бөлігі 
альвеолалардың артқы жағына қарай көтеріледі, ал тіл арқашығының 
ортаңғы бөлігі және тіл арқашығының артқы бөлігі, орыс тіліндегі [ш], 
[ж] дыбыстарын айтқан кездегідей, қатты таңдайға қарай көтеріледі. 


16 
Сондықтан [ʃ], [ʒ]дыбыстары, орыс тіліндегі [ш], [ж] дыбыстарына 
қарағанда, біраз жіңішке айтылады. Еріндер шамалы алға қарай 
шығып, сүйірленеді. Мысалы: ship [Jip], garage ['g
ærɑ
:ʒ]. 
[tʃ], [ʤ] 
[tʃ] дыбысын орыс тіліндегі [ч] дыбысына қарағанда қатаңырақ айту 
керек: тіл арқашығы таңдайға қарай аса жоғары көтерілмейді. [ʤ] 
дыбысын айту барысында бұл артикуляцияға дауыс қосылады. 
Мысалы: chair [tʃeǝ], jug [ʤʌg]. 
[h] 
Орыс тілінде мұндай дыбыс жоқ. [h] дыбысын айтқан кезде сөйлеу 
мүшелерінің реті одан кейін тұратын дауысты дыбысты айтқан 
кездегідей болады, бірақ бұл дауыстыны қырылмен айтқан дұрыс. Тіл 
арқашығының артқы бөлігі, орыс тіліндегі [х] дыбысын айтқан 
кездегідей, таңдайға қарай көтерілмейді. Мысалы: hat [hæt]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет