Ел мүддесіне адалдықпен қызмет етуді
ойлаған азамат өз ұлтының өткені жайлы да ет
жүрегі елжірей отырып, қалам тер-беп, тарихтың
О. Ошанова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
72
ISSN 1563-0242
сабақ алар тұстарын санама-лап көрсетіп,
халықтың жадынан өшірмеу бағытында да
өнімді еңбек етуі керек деген ойды Камал
Смайылов ағамыздың «ХХ ғасыр қазаққа не
әкелді?»
деген
мақаласын
оқи
отырып,
жадымызға түйгендей болдық.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі ел
еңсесін көтерудің қарапайым қағидасын бы-лайша
көрсетеді: «Кеудесін соққан пысықтар өмірдің
тіршіліктен, тіршіліктің тұрмыстан, тұрмыстың
экономикадан,
шаруашылықтан
бас-талатынын
ұмытады, ұмытады емес білмейді, білмейді емес,
түсінбейді. Кеуде ұрып, ұран салғанға шебер.
Тәуелсіздік үшін шаруашылық істеу керек». Осы
айтылған пікірді оқығанда осы қағиданы қоғам
мүшелері бүгінде ұмытпай, жа-дымызда ұстасақ
ұтар едік-ау деген ой көңілді мазалағандай болды.
Публицист ХХ ғасырдың драмалық көрінісі деп
даладан, ауылдан қоныс аударған қазаққа қалада
жұмыс пен пәтердің берілмеу саясаты деп көрсете
келіп, бұл жайлы былайша ой түйеді: «өндіріс
ошақтарын сырттан келген адамдар салды да, сонда
тұрақтап қалды. Құрылысшы, жұмысшыға айналып,
өз астанасының өзінде орын тимей, азшылық болып
қалған қазақ, сол қаптаған қалалардың төріне еркін
шыға алмай, босағасында отырып қалып жүрді».
Өткен ғасырдың бізге тартқан тағы бір «сыйы»
жайлы
журналист
былайша
ой
толғайды:
«Заманымыздың екі ұлы оқиғасы - космосты игеру
мен тыңды көтеру Қазақстан еншісіне тиді,
Қазақстан
жерінде
болды
деп
мақтандық,
масаттандық. Бірақ Қазақстан жері дедік, «қазақ
жері, қазақ елі» дей алмадық».
Ал Семей даласындағы ядролық полигон жайлы
публицист былайша тұжырым жасайды: «Екі ғана
бомбаның зардабын көрген, осы уақытқа дейін
қасіреттен арылмаған жапондықтардан басқа атом
алапатының отына, өртіне әбден шарпылған осы
әлемдегі жалғыз халық қазақтар ғана. Бүкіл
адамзатты қорғау үшін құрбан боп шалынған қазақ
халқы. Бұл да ХХ ғасырдың қазақтарға тартқан
сыбағасы».
«Осы заманғы техникасы бар қорғаныс за-
уыттарында қазақ кадрлары болған жоқ. Бұл
саясатта да қазақтардың сондай жауапты күрделі
салаларда істеуге қабілет білімдері жете ме деген
күдік әрі осындай елдің тағдыры үшін маңызы бар
аса құпия істерді тапсыруға деген сенімсіздік
байқалған. Кемсітушілік осы сала-да айқын көрінді.
Дүниежүзілік мәні - маңызы бар әлемдік деңгейге
шығуда талап қажет ететін жұмыстарда өзінің
дарынын көрсететін, дербес әрекет жасай алатын
шешуші салаларда қазақтар аз болды. Оның орнына
ұлттық кәсіп, психоло-гиясына жақын деп, қазақ
жастарын өне бойы шопан болып, қой бағуға,
сауыншы болып, сиыр саууға шақырумен болған.
Талай дарынды жас-тар сондай жұмыстарға кеткен.
Шамалап есептегенде, 50-60 жылдар ара-
лығында Қазақстанның халқы 1939 жылға қарағанда
5 миллион адамға көбейді. 1959 жылы 10 миллионға
жетті. Бірақ мұның қазақтар үшін қуанышы
болмады. Қазақтар үлесі 58,7 пайыз-дан 29,8-ге
дейін кеміді. Сөйтіп, Республикаға атын берген, осы
жердің түпкілікті иесі, қазақ ұлты аз халыққа
айналып, үштен біріне (2,9 млн) жетпей қалды. Бұл
тек демографиялық ұғым ғана болмады. Саяси мән
берілді бұған. «Егер қазақтар бар халықтың үштен
бірі ғана болса, онда ол халық осындағы байлық
игіліктердің де үштен біріне ғана ие болуы, қол
созуы тиіс. Одан көпке қақысы жоқ» деген ұран
шықты. Оның қосқан үлесі үштен бірі болса,
сіңірген еңбегіне, атқарған жұмысына қарай
әлеуметтік үлес сыбағасын да сонша алатын болсын.
Содан өрбіп «саяси басшы кадрлар, студенттер мен
ғалымдар құрамында да қазақтар үштің бірінен
аспауға тиіс» деген шарт, талап, міндет қойылды».
Ұлт тарихындағы осынау әділетсіздіктерді оқи келе
әрі сана талқысынан өткізе отырып, «Тәуелсіздік
алмағанда қазақтың тағдыры не болар еді, Құдай өзі
қолдаған екен!» демеске шараң қалмайды екен.
«Соншама қазына байлықтың иесі қазақ елі
соның не екенін, қайда кетіп жатқанын көрген де,
білген де жоқ. Тазарған күмісі мен мысы, алтыны
мен қалайысы басқа жаққа кетті де, шаңы мен түтіні
бізде қалып жатты. Сол қазынаның елге бергенін
басқалардан жасырмағаны (негізінен соны өндірген
де, игерген де сол өздері болды ғой), сонда дұрыс
болған шығар-ау. Орталық министрліктер қазына
қарымына біраз қаржы бөлетін, қайтарымынан
көргені сол болатын. Бар зардап зиянын жер мен ел
көрді ғой. Егер өз қажеті үшін ғана алса, соншама
жер қопарылып, астан-кестен болар ма еді? Қазір
Қазақстанда алты миллиард тонна қоқыс қалдықтар
жа-тыр. Бұрынғы табиғи қазақ даласының түр мен
тұрпатын өзгерткен, көлін шөлге, топырағын құмға
айналдырған осы ғасыр».
Камал ағамыз жаны шырқырай қазақтың жоғын
жоқтап, шындықтың бетін ашқанымен, зардабы
жергілікті халық үшін зіл батпан мәселелердің
шешімі бүгінгі күнде табылды ма, әлде «баяғы
жартас бір жартас» күйінде қалып отыр ма деген
сауал тіл ұшына орала береді.
О. Ошанова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
73
ISSN 1563-0242
Өз ұлтының өткені мен бүгіні жайлы ет жүрегі
елжірей отырып қалам тербеп, «жұмсақ тілмен
сыйпай қамшылай отырып», «ешкімнің сағын
сындырып, тауын шақпай, бәтуасыз ақпараттық
шайқастардың отына май шаш-пай, журналистік
әдепті аяққа баспай жүрген, ұшқын шашатын
ойларының
ауқымдылығымен,
мақалаларының
ішіндегі
сөйлемі
түгіл,
үтірінен
күпірлік
байқалмайтын тартымдылығымен таңдандырған»
Камал Смайыловтың шығарма-шылық өмірі бүгінгі
ұрпаққа үлгі болып қалмақ.
В статье автор рассказывает о творческой жизни писателя-публициста, ученого, государственного и общественного дея-
теля и профессионального организатора казахского кино и телевидения Камала Смаилова, подробно говорится о творческой
жизни и публицистическом мастерстве автора.
Автор анализирует особенности творческого вклада писателя-публициста в казахскую журналистику и его роль в разви-
тии казахской культуры. В заключение статьи делает выводы о том, что Камал Смаилов всегда поднимал злободневные
вопросы общества, ставил национальный интерес во главу творчества, был примером для нового поколения.
In this article the author talks about the creative life of the writer, essayist, statesman and public figure and a good organizer of
the Kazakh film and television Kamal Smaylov, elaborates on the creative life of the author and journalistic skill.
The author analyzes the characteristics of the creative contribution of the writer and publicist in the Kazakh journalism and its
role in the development of Kazakh culture. At the end of making conclusions about what he's always raising urgent questions of
society and always put national interest above was an example for a new generation.
Достарыңызбен бөлісу: |