А. Құрманбаева Kaznu bulletin. Journalism series. №1 (31)



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата09.10.2024
өлшемі1,1 Mb.
#205968
1   2   3   4   5   6
 
 
О. Ошанова 
Камал Смайылов публицистикасы мәтіндерінің идеясы, 
эстетикасы мен этикасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
УДК 070 (091) 
Аңдатпа. 
Бұл мақалада көрнекті жазушы, публицист, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ киносы мен 
телевизиясының талантты ұйымдаст^ірушысы Камал Смайыловтың шығармашылық өмірі, публицистикалық 
шеберлігі жан-жақты сөз болады. Автор қазақ журналистикасында ерек-ше қолтаңба қалдырған әрі қазақ 
мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосқан публицист-жазушының ұлттық мүддеге қызмет етудің, қоғамның 
көкейтесті мәселелерін көтерудің үлгісін көрсеткен журналистік қырын талдап, өзіндік тұжырымдар жасаған. 
Публицистика. Ғалым. Жазушы. 
Қазақ журналистикасының ХХ ғасырдағы 
шынайы бет-бейнесін сомдар болсаңыз, өткен 
ғасырдағы зіл батпан салмақты арқалаған ру-хани 
қайраткерлердің қатарынан, журналистикада өзіндік 
қолтаңба қалдырған бірегей та-ланттар шоғырынан 
Камал Смайылов есімін кездестіретініңіз хақ. 
Камал Смайыловтың публицистикасы жай-лы ой 
қозғамай тұрып, ең алдымен, ол кісі ту-ралы 
жазылған 
естеліктерді 
бір 
парақтап 
алдық. 
Естеліктердің құндылығы көкейіне көп нәрсе 
тоқыған жандардың көзбен көргенін, көңілге 
түйгендерін ой сүзгісінен екшелеп алып барып, 


О. Ошанова 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
68 
ISSN 1563-0242 
кейіпкер жайлы тебіреністі ой термелеп, қалам 
тербеуінде жатса керек! 
Ал Камал Смайылов ағамыз жайлы естелік-
тердің бір арнаға тоғысып, кейіпкер жайлы барлық 
көзкөрген 
жандардың 
ерекше 
ықыласпен, 
мейірімділікпен қалам тербегендері ойлантады. Біз 
де 
естеліктер 
ішінен 
Камал 
Смайыловтың 
азаматтық, қайраткерлік, публицистік қырларын 
жан-жақты ашатын ой-пікірлерді сұрыптап алуға 
тырыстық. 
Камал Смайыловтың балалық шақтан зерек 
болып әрі тектілігін танытар азамат болуды, қалам 
тербеп елдің жоғын жоқтар қаламгер бо-луды мақсат 
тұтқаны жайлы академик Төрегелді Шарманов 
ағамыз былайша жазады: «Біз Камал екеуміз - 
Ұлытаудың қиясындағы бір ауылдың ұясынан, бір 
мектептің класынан тәлім алып шыққан түлектерміз. 
Камал мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ 
егілген елдің, қайғырған халықтың тағдырына 
толғаныспен ой жүгірте білетін жігіт болып 
қалыптасты. Оның бастапқы мақалалары сол кездің 
өзінде 
аудандық, 
облыстық, 
респуб-ликалық 
газеттерде жарық көре бастады. 
Кеңес үкіметі кезінде тегіңді талдап, тектілігіңді 
айтып бабаларыңның атын атасаң басыңа бұлт 
үйірілетін. Әкеден балаға жалғасып жеткен 
шежіредегі белгілі болыс болған, үлкен атасы 
Бабырдың қасиетті Ахмет Йассауи мов-золейінің 
қабырғасында 
жерленгенін 
естігенде 
Камал 
бабасының рухына сай болуға бел буғандай 
шаттануын жасыра алмаған-тын. Әлі күнге дейін ол 
өзінің майданнан оралмаған немере ағасы, әскери 
журналист, жазушы Бау-бек Бұлқышевтың Ұлы отан 
соғысының алғы шебінен газеттерге жіберіп тұрған 
жалынды 
жазбаларынан, 
хаттарындағы 
ақыл 
кеңесінен нәр алып қалыптасқанын мақтан тұтады». 
Камал Смайылов С. М. Киров атындағы Қазақ 
мемлекеттік 
университетін 
журналистика 
мамандығы бойынша тамамдағаннан кейін қоғам 
өміріне белсене араласты. Камал ағамыз баспасөз, 
радио, телевизия, кино саласында ғана еңбек етпей, 
саясаттың да тізгінін ұстап көрді. Шығармашылық 
жолын «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды 
облысындағы меншікті тілшісінен бастады, одан 
кейінгі жылдары «Білім және еңбек», «Парасат», 
«Ақиқат» журналдарын басқарды. 
1962-1964 жылдары республика комсомолы-ның 
идеология жөніндегі хатшысы қызметін атқарды. 
Осы жылдардағы атап өтерлік еңбегі - 1964 жылы 
әдебиет әлемінің табалдырығын жаңа аттаған талай 
жастардың қалам қарым-дарын таныту мақсатында, 
өзі алғысөз жазып, алғашқы әдеби жинақ шығартуы. 
Ал ол кітапқа шығармалары жарияланған жастар, 
шын мәнінде, таланттар шоғыры болатын. Олардың 
қатарында қазақ әдебиетінің танымал өкілдері 
кешегі өмірден өткен Мұқағали Мақатаев, Жұмекен 
Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, Оспанхан 
Әубәкіровтерден бастап, бүгінде орта-мызда жүрген 
классик жазушыларымыз Шерхан Мұртаза мен 
Мұхтар Мағауиндер болатын. Бұл, шын мәнінде, 
Камал ағамыздың әдебиетке деген шынайы 
жанашырлығының дәлелі емес пе?! 
Камал ағамыздың 60 және 70-жылдардағы өмірі 
қазақ киносымен тығыз байланысты. Ол бұл 
жылдары 
«Қазақфильм» 
киностудия-сын, 
Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетті 
басқарды. Осы жылдары ол соғыс кезінде жазылса 
да талай уақыттан бері киностудия мұрағатында шаң 
басып жатқан Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібектің» 
желісімен жазылған «Гәкку» киносценарийін тауып 
алып, оны автордың рұқсатын алмастан Мәскеуге 
ба-рып бекіттіріп әкеледі де, фильм түсіру ісіне қызу 
кірісіп кетеді. Бұл фильмге сценарийді жазушы Ғ. 
Мүсіреповке бастан аяқ қайта жазғызып, режиссер 
С. Қожықов, композитор Н. Тілендиев, редактор А. 
Сүлейменов, суретші Г. Исмайыло-ва, ақын Қ. 
Мырзалиев сияқты өз ісінің білгірлері болып 
танылған кәсіби мамандардың басын қосып, қазақ 
киносын әлемге танытқан тамаша туындының 
өмірге келуіне басты себепкер бо-лады. Жалғыз 
«Қыз Жібек» фильмі емес, «Қилы кезең», «Қан мен 
тер», «Алты жасар Алпамыс» т. б. қазақ 
мәдениетінің атақ абыройын танытқан фильмдер 
қазақ киносының тізгінін К.Смайылов ағамыз ұстап 
отырған жылдары түсірілген бола-тын. Камал 
Смайыловтың осы еңбектеріне ғана қарап, қазақ 
өнерінің шынайы қамқоршысы бол-ды деп ой түюге 
болады. 
Тағы бір атап өтерлігі, осы кезеңде ол «Қазақ-
фильм» деп аталған кино ордасының төңірегіне 
жоғарыда аталған азаматтармен қатар Олжас 
Сүлейменов, Әкім Тарази, Сайын Мұратбеков, 
Қалихан Ысқақов сияқты қазақ мәдениетінің бет-ке 
ұстарларын топтастыра білді, осы арқылы ұлт 
мүддесі үшін бірлесе қалтқысыз қызмет етудің 
жемісті болатындығын көрсетіп қана қоймай, оның 
дайын үлгісін ұсынып та кетті. 
Орта Азия елдерінің ішінде жаңа өнер 
саласының тұсауын алғаш кесіп, оның дамуына 
орасан зор үлес қосқан да ағамыз болатын, яғни 
қазақтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» 


О. Ошанова 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
69 
ISSN 1563-0242 
алғашқы мультфильмі де К. Смайыловтың тұсында 
дүниеге келген. 
Бұл туралы кинорежиссер Әмен Қайдаров 
«Жолың болсын десең, жолыңда азамат кездес-сін» 
деген естелігінде толық баяндаған, яғни 1966 жылы 
«Қазақфильм» киностудиясына журналист Камал 
Смайылов 
басшы 
болып 
келгенін, 
өзінің 
Бүкілодақтық 
Мемлекеттік 
кинематография 
институтын бітіріп, қазақ мәдениетіне жетпейтін 
өнер саласы мультипликацияның іргетасын қалауды 
армандап жүрген жас ма-ман екенін, сол кезде жаңа 
басшының мәселені табан асты шешіп, үлкен 
өнердің тууына бас-тамашы болғанын тебірене 
әңгімелей 
келіп, 
«әрине, 
«Қазақфильм» 
киностудиясына ұялаған «Қарлығаш» Камалдың 
талай сәтті еңбектерінің бірі ғана еді» деп көрсетеді. 
Жоғарыда айтқан ойларымызға Қазақстан-ның 
халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың ағамыз туралы 
тұжырымды пікірі тұздық болмақ: «Ұлттық мүдде 
мен ресми саясат аты-мен қабыспайтын кереғар 
жағдайда 
мәдениет 
майданында 
басшылық 
еткендердің айдарлары-нан жел есе қоймайтындығы 
айтпаса да түсінікті. Алайда соған қарамастан 
ұлттық руханиятқа қалтқысыз қызмет ете алған 
азаматтар ол кезде аз болмады. Олар екі оттың 
ортасында жүріп, қарлығаштың қанатымен су 
сепкендей болса да, өз халқына пайда тигізіп бақты. 
Бұл оңай шаруа емес еді. Мен сондай жанкешті 
еңбектің иегерлері қатарына Камал Сейтжанұлы 
Смайы-ловты жатқызар едім. 
Ресми билікпен арадағы шытырмандар әлгіндей 
болғанда, өнердің өз ішіндегі шыр-ғалаңдар да оңай 
тимейтін. Таңқылардың та-ланттарды көре алмай 
жасап бағатын айла-шарғыларын былай қойғанда, әр 
таудың арқары болып қалған атақтылардың 
өздерінің тарт-тырар тауқыметі аз болмайтын. Жер 
бетіне өздері сыйғанымен, шаңырақтай-шаңырақтай 
мүйіздері сыймай, қаралай қақтығысып, шатақ 
салатын. Ондай ортада ұйымдастырушы болып, 
ортақ істі алға бастыру қиынның қиыны еді. 
Бір қызығы осының бәрін Камал Смайы-лов 
соның бәрін ләззат санамаса, азап сана-майтын 
сыңайлы. Осы ғұмырында екі бірдей журнал 
шығарыпты. 
Киностудия 
басқарыпты. 
Кинематографияға бір емес, екі рет бастық бо-
лыпты. Телевизия мен радиокомитетті де екі рет 
басқарыпты. Үкіметтің осындай қиын са-ланы 
үйлестіретін бөліміне екі рет, Орталық Комитеттегі 
бөлімге үш рет барыпты. 
Бұл тек мәртебе қуғандыққа ұқсамайды. Өзі 
сүйетін іске шексіз берілгендік шығар. Бір кез-де өзі 
бастап берген істің ендігі тағдырына да қабырғасы 
қайысқандық шығар. Мыңның біреуі емес, мыңнан 
біреу... Жаратқанның айрықша мейірімі түскен 
нысаналы перзенті...». 
Камал Смайылов ағамыз Телевизия мен 
радиокомитетті де екі рет басқарған, осы-лайша, ол 
мәдениеттің кез келген саласының шығармашылық 
жұмыстарын үйіріп әкете ала-тын шеберлігімен 
танылды. Бұл туралы академик Т. Шарманов: «Ең 
бір таңдандыратыны - Смайылов қай салаға салсаң 
да жаңа кәсіптің иірімдерін тез арада игеріп алып, 
істі жүргізіп ала жөнеледі. Өйткені ол туа бітті, 
табиғатынан жан-жақты публицист-жазушы. Кино 
өнерінің айыл тартпасын мығымдап ретке келтіріп 
ба-рып, мемлекеттік телерадиоға төраға болып 
келісімен-ақ, қолына тізгінді еркін ұстап иіріп әкетті. 
Ол кезде телевизия саласы даму үстінде болатын. 
Әрине, мұндай кезеңдерде іске бүкіл болмысымен 
білек сыбанып кірісіп кететін жаңашылдар керек. 
Смайылов келісімен қазақ телевизиясы «өгей 
шешедей болған мәскеулік телевизияның» айтқанын 
бұлжытпай орындай-тын күйінен біртіндеп өзгере 
бастады». 
Камал ағамыз әдебиеттің үлкен ордасының 
тізгінін де қолына ұстап, бұл жерде де рухани 
саланың ізгілікті істерінің бастамашысы болып қана 
қоймай, біраз істердің басын қайырып кет-кен. Бұл 
туралы белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Құл-
Мұхаммед: «Әрдайым үлкен саясаттың қан 
базарында жүретін Кәмекең балапан ба-сына
тұрымтай тұсына кеткен 90-жылдардың басында 
Қазақстан Журналистер Одағының тізгінін қолына 
ұстады. Берекесі кеткен одақтың басын қосып, біраз 
игілікті шаруалардың ба-сын қайырды. Әкесі 
Сейітжан 37-нің тұзағына түсіп, жазықсыз жаза 
шеккен буынның өкілі болғандықтан да болар, 
еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ақталған арыстар 
есімін ел жадын-да қалдыру үшін де аянбай еңбек 
етті. Кәмекең басқарған жылдары «Ақиқаттың» 
бетінде Едіге, Тәуке, Абылай, Кенесарылардан 
бастап, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев, С. Сәдуақасов, 
С. Қожанов т.б. дейінгі ұлт ұлыларын ұлықтаған 
көлдей-көлдей 
материалдар 
жарияланды. 
Ол 
мұнымен де шектелмей «Атамұра» корпора-
циясымен бірге Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Ә. 
Ермеков 
атындағы 
Қазақстан 
Журналистер 
одағының сыйлығы белгіленіп, оны жыл сайын 
республиканың таңдаулы журналистеріне тап-
сыруды дәстүрге айналдырды». 


О. Ошанова 
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012 
70 
ISSN 1563-0242 
Ал енді Камал ағамыздың публицистикалық 
шеберлігінің қыр-сырына үңіліп көрсек. Бұл орайда 
жазушы, профессор Шерияздан Елеуке-нов өзі 
«Қазақ публицистикасының ақбөкені» деп айдар 
таққан жанға былайша баға береді: «Жұмсақ тілмен 
сыйпай қамшылай отырып, қайдағы келеңсіз 
жайттарды тауып жазып, жағаңды ұстатады. 
Қазақстан өзіне керекті азық-түлікті өндіре алмай, 
жетпіс процентін шет ел-ден тасымалдайды дейді. 
Миллиардтаған пұт астық сатып өткізетін, ондаған 
миллион қой баққан Қазақстан азық-түліктен 
кіріптарлыққа түскені адам нанғысыз нәрсе, төбе 
құйқаңды шымырлатады. Сенгің келмейді, бірақ 
Камалдай бедел айтып тұрған соң сенбесіңе амалың 
жоқ. 
Ол, міне осындай жұртшылық көзінен таса 
фактілерді, ел дамуына кедергі кесел-кінәраттарды 
тапқыштығымен көзге түсіп жүрді. 
Камал сөздерінің соншама әсер ететіні, циф-
рларды ойната білетін. Ол құрғақ ақылды жек 
көретін, айтқанын жандандырып суреттеуге ты-
рысатын». 
«Ізгіліктің насихатталуы ғана идеология» деп 
мойындаған Камал Смайылов публицисти-када «өз 
жан дүниесінде сезінген жақсылықты өзге жан да 
сезінсін дейтін пиғылды» алға ұстанады, бұл туралы 
Қазақстанның халық жа-зушысы Шерхан Мұртаза: 
«Сен тым ақкөңіл адал едің ғой, Камал! Қоғамда 
болып жатқан то-лайым кемшіліктерді мен ашына 
жазғанда, 
сен 
сол 
қоғамдағы 
зәрудей 
жақсылықтарды тізбелеп, маған басу айтушы едің. 
Заманның, 
қоғамның 
алдағы 
күндерінде 
жақсылыққа, 
ақжарқын 
күндерге 
жететінін 
дәлелдеп, ұдайы да үміт отын жандыратынсың» деп 
толғанады. Шынында да, өмірдің көлеңкелі 
жақтарын көруден гөрі оның әр сәтінің жасудай 
жақсылығын ұшқынынан тану әлдеқайда қиынырақ, 
оны таныр көңіл қырағылығымен қоса бар жан 
тәніңмен қуана білу сияқты ерекше қабілет те қажет 
сияқты. Бұл орайда, Камал ағамыз бізге өзінің сара 
жолын са-лып кетті. 
Академик Төрегелді Шарманов «Камалдың 
қаламы бүгінгі жас журналистердің шамадан тыс 
шамшылдығы мен әсіре сәншілдігіне қарсы бәс тіге 
алады» дей келіп, публицистің бүгінгі ұрпақ үлгі 
тұтар тұстарын былайша көрсетеді: «Қазіргі кездегі 
қаражат қаржылық мүддені көздеп, біреуді жақтап, 
екіншісін таптап, жік-жік болып бөлініп алып жазып 
жатқан журналистерден дара жазатын Камалдың 
дарабоз-дығы ойландырады. Ешкімнің сағын сын-
дырып, тауын шақпай, бәтуасыз ақпараттық 
шайқастардың отына май шашпай, журналистік 
әдепті аяққа баспай жүретін Камалдың рухани 
бостандықта болғысы келетіні ойландырады. Ұшқын 
шашатын 
ойларының 
ауқымдылығымен, 
мақалаларының ішіндегі сөйлемі түгіл, үтірінен 
күпірлік 
байқалмайтын 
тартымдылығымен 
таңдандырады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет