Жоспары:
Білім алушыларды бағалау процесінің даму динамикасының кезеңдері.
Білім алушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау әдістері.
Бағалау қызметінің түрлері.
1. Білім алушылардің білімін бағалау процесінде күні бүгінге дейін субъективизм (формализм) әлі де бар. 1-курсқа қабылданған Білім алушылардің білім сапасының алғашқы мониторинг көрсеткіші 18 пайыз екен. Бірақ ,соған қарамастан Білім алушылардің кейінгі мониторингілері бойынша сапа көрсеткіші жоғары деңгейді көрсетеді. Әрине оқытушылардың еңбегін жоққа шығаруға болмайды, алайда көп жағдайда бағаның көтеріңкі қойылатыны бәрімізге мәлім.
Арнайы жүргізген психологиялық зерттеулер көрсетуінше, жауап берген Білім алушылардің 50% жуығы "Оқытушылар біздің білімімізді дұрыс бағала-майды, көбінесе шын дәрежесінен төмен бағалайды", -деген, ал 10% "Артық бағалайды", - деген.
Білім алушылардің оқытушы мен басқалардың берген бағасын мән-мағына жағынан өздерінікінен гөрі жоғары санайтыны байқалған. Олардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі түзетуі бір-бірімен тығыз байланысты процестер.
Сондықтан Білім алушылардің дербестігін, белсенділігін арттыруда мұндай өзіндік әрекеттерге үйрету маңызды мәселе болмақ. Оларды өз жүмыстарының нәтижесін бағалай білуге үйретудің тәрбиелік маңызы зор.
Оқыту процесінде Білім алушылардің білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Оқытушылар сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, оқытушы студенттің оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта Білім алушылардің, сабақ жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Оқыту сапасын тексерудің ''5'' балдық жүйесі Білім алушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін көрсетеді. Дегенмен, бүгінгі таңда оқыту теориясында талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуы мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде Білім алушылардің оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында Білім алушылардің оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде Білім алушылардің келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау оқытушының жалпы немесе жекелеген Білім алушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі Білім алушылардің өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады.
Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде Білім алушылардің білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, оқытушы жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді Білім алушылар есіне салады.
Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Білім алушылардің жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және Білім алушылардің жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы Білім алушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант т.б.) немесе Білім алушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, оқытушыға сұрағына жауап беру т.б.).
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.
Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, Білім алушылардің теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Диффериенциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге Білім алушылардің жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен оқытушының педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
2. Білім алушылардің білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
жазбаша бақылау (схема, суреттер,сызба-нұсқалар құрастыру).
практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).
машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – Білім алушылардің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық Білім алушыларге сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оБілім алушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі Білім алушылар тобы сабақ барысында оқытушыдан тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір Білім алушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір студенттің білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда Білім алушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде Білім алушылардің өзін-өзі бақылауы өте қажет өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. өзін-өзі тексеру арқылы Білім алушылардің алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны студенттің оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін Білім алушылардің қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) - бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша Білім алушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезең-дерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т.с.с.)
Жеке-дара қатынас - әрбір студенттің ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
3. Білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталайық. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде Білім алушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі Білім алушыларді жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады. Дамыту қызметінің маңызы сол, Білім алушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді:
хабарлаушылық (информирующие);
басқарушылық (управляющие);
тәрбиелеушілік (воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне оқытушы мен Білім алушылардің арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
Зачет (сынақ) - қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан – Білім алушылардің білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) Білім алушылардің білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
Тест бағалауы пайыздық көрсеткіш бойынша
90-100 пайыз аралығындағы дұрыс жауап «5» бағаланады.
75-89 аралығындағы дұрыс жауап «4» бағаланады
50-74 арасы «3»
49 төмені «2»
Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан,Білім алушылар білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. Баға ''балл'' есебінде көрсетіледі. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі ''5'' балдық жүйелер қолданылады.
''5'' бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
''4'' бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
''3'' бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
''2'' бағасы – студенттің жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты 5.03.006-2006.- Астана,2006
Основы кредитной системы обучения в Казахстане.- Алматы: Қазақ университеті, 2004.
Внедрение кредитной технологии подготовки специалистов в Университете «Мирас».- Шымкент, 2003
Аванесов В.С. Тесты в социологическом иследовании.- М.: Наука, 1982.
Достарыңызбен бөлісу: |