А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет3/9
Дата17.06.2018
өлшемі0,95 Mb.
#43038
1   2   3   4   5   6   7   8   9

СӨЖ мазмұны

  1. Әлеуметтік кеңес берудің негізгі түрлерін сипаттаңыз.

  2. Әлеуметтік кеңес берудің кезеңдерін көрсетіңіз.

  3. Кеңес берудің тиімділігін анықтайтын өзіңізде әлеуметтік жұмыс бойынша маманның кәсіби сапаларының қалыптасу деңгейін бағалаңыз.

14 апта

27 кредит сағат

14 дәріс



тақырыбы: Әлеуметтік жұмыстағы психотехнологияның маңызы.

Дәріс мазмұны:

  1. Психотехнология ұғымы және мәні.

  2. Психотехнологияны әлеуметтік жұмыста қолдану принциптері.

Әдебиеттер:

  1. Лексикон социальной работы / Ред. С.М. Кибардина, С.И. Михайлова, О.М. Чернышева. -2-е изд. , испр. и доп.-Вологда, 2001.

  2. Основы социальной работы: Учебное пособие / Под ред. Н.Ф. Басова –М.,2004. – 288 с.

  3. Психологический словарь / Под ред. В.П. Зинченко и Б.Г. Мещерякова. – М., 1997.

  4. Словарь практического психолога / Сост.С.Ю. Головин. – Минск, 1998.

  5. Шемет И.С. Конструирование и применение интегративных психотехнологий в социальной работе. – Кострома, 1996.

ОЖСӨЖ мазмұны

  1. «Психоәлеуметтік технология» ұғымы.

  2. Психоәлеуметтік технология түрлері.

СӨЖ мазмұны

  1. «Психоәлеуметтік технология» дегеніміз не?

  2. Психоәлеуметтік технологияның қандай түрлерін білесіз және олар қандай міндеттерді шешуге арналған?

28 кредит сағат

14 семинар



тақырыбы: Әлеуметтік жұмыстағы психотехнологияны қолдану.

Семинар мазмұны:

  1. Психоәлеуметтік технологияларды құрылымдау.

  2. Әлеуметтік жұмыстағы пчихотехнологиялардың тиімділігін бағалау.

Әдебиеттер:

  1. Лексикон социальной работы / Ред. С.М. Кибардина, С.И. Михайлова, О.М. Чернышева. -2-е изд., испр. и доп.-Вологда, 2001.

  2. Основы социальной работы: Учебное пособие / Под ред. Н.Ф. Басова. –М.,2004. –288 с.

  3. Психологический словарь / Под ред. В.П. Зинченко и Б.Г. Мещерякова. – М., 1997.

  4. Словарь практического психолога / Сост.С.Ю. Головин. – Минск, 1998.

  5. Шемет И.С. Конструирование и применение интегративных психотехнологий в социальной работе. – Кострома, 1996.

ОЖСӨЖ мазмұны

  1. Психоәлеуметтік технологияларды қолдану принциптері.

  2. Психоәлеуметтік технологияларды құрылымдау кезеңдері.

СӨЖ мазмұны

  1. Әлеуметтік жұмыста псиәлеуметтік технологияларды қолданудағы ұйымдастырушылық принциптер.

  2. Психоәлеуметтік технологияларды құрылымдау үшін қандай кезеңдер қажет?

  3. Психотехнологияларды қолдану нәтижелерін қалай бағалайды?

15 апта

29 кредит сағат

15 дәріс

тақырыбы: Әлеуметтік жобалау, болжау және модельдеу.

Дәріс мазмұны:


  1. Әлеуметтік жұмыстағы болжау негіздері.

  2. Әлеуметтік жобалау мәні.

  3. Модель және модельдеудің мәні, түрлері және функциялары.

Әдебиеттер:

  1. Антонюк Г.А. Социальное проектирование и управление общественным развитием. – Минск, 1986.

  2. Бестужев – Лада И.В., Наместников Г.А. Технологии прогнозных разработок социальных проектов. – М., 1992.

  3. Крючков Ю.А. Теория и методы социального проектирования. – М., 1992.

  4. Основы социальной работы: Учебное пособие / Под ред. Н.Ф. Басова. – М.,2004.–288 с.

  5. Социальное прогнозирование и моделирование / Под ред. В.М. Сафроновой.- М., 1995.

  6. Ядов В.А. Социологическое исследование: Методология, программа, методы. – М., 1995.

ОЖСӨЖ мазмұны

  1. Әлеуметтік қызмет іс-әрекетіндегі әлеуметтік болжау.

  2. Әлеуметтік жобалау мәні.

  3. Модельдеу мақсаттары және функциялары.

СӨЖ мазмұны

  1. Әлеуметтік қызмет іс-әрекетіндегі әлеуметтік болжауды қолдану қажеттігін негіздеңіз.

  2. Әлеуметтік жобалау мәні неде?

  3. Модельдеу мақсаттары және функцияларының негізгілерін атаңыз.

30 кредит сағат

15 семинар



тақырыбы: Әлеуметтік жұмыстағы инновация.

Семинар мазмұны:

  1. Инноватика туралы жалпы ұғым.

  2. Инновациялық процеске сипаттама.

  3. Инновациялық процесс кезеңдері.

Әдебиеттер:

1. Бжилянская Л. Инновационная деятельность // Экономист. – 1996. - №3.

2.Основы социальной работы: Учебное пособие / Под ред. Н.Ф. Басова. – М.,2004. – 288 с. 3. Косалс Л.Я. Социальные механизмы инновационных процессов. – Новосибирск, 1989.

4. Пригожин А.И. Нововведения: Стимулы и препятствия // Социальные проблемы инноватики. – М., 1989.

5. Осипов Г.В., Локосов В.В. Социальная цена неолиберального реформирования. – М., 2001.

ОЖСӨЖ мазмұны


  1. Инновациялық процесс мақсаттары және кезеңдері.

  2. Жаңа енгізулердің негізгі сипаттамаларының мәні.

  3. Инновациялық процестің құрылымдық компоненттері.

СӨЖ мазмұны

  1. Инновациялық процесс мақсаттары және кезеңдерін көрсетіңіз.

  2. Жаңа енгізулердің негізгі сипаттамаларының мәнін ашңыз.

  3. Инновациялық процестің құрылымдық компоненттерін атаңыз.



3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Реферат тақырыбына байланысты

4,7,11, 14 апталар

100 % (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

Практикалық сабақтарда үй тапсырмасын сұрау

Білімді тексеру

Семинар тақырыбына байланысты

Практикалық сабақ кестесі бойынша

Әрбір практикалық сабаққа әзірленіп, жауап бергенге-100%

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау


Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

ОЖСӨЖ тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

әрбір ОЖСӨЖ-ге -100%



Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін және білімін тексеру

Бірінші жұмыс 1 -7 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 8 – 15 тақырыптарға байланысты



семинар №7

№14 семинар



Жазба жұмысқа -100%

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест - 100%






4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Кафедра «Педагогика және психология».

Тьютор Муханбетчина А. Г.

(аты-жөні)

Пән Әлеуметтік жұмыс негіздері

(пәннің атауы)

Кредит саны 2


Оқулықтың толық библиографиялық сипаттамасы

Оқулықтың шыққан жылы, баспасы

Тілі

Ақпараттың тасылу түрі

Кітапханадағы дана саны

Социальная педагогика в вопросах ответах.

Саратов, 2006

Орыс тілінде

Баспа

5

А.В. Мудрик Социальная педагогика

М.; Академия. 2005.

Орыс тілінде

Баспа

20

Василькова Ю.В, Василькова Т.А. Социальная педагогика.

М., Академия. 2004.

Орыс тілінде

Баспа

25

И.И. Фришман

Методика работы педагога дополнительного образования.



М., Академия. 2004.


Орыс тілінде

Баспа

15

Буйлова Л.Н., Кочнева С.В. Организация методической службы учреждений дополнительного образования детей.

М., Академия. 2001.

Орыс тілінде

Баспа

25

Шакурова М.В. Социальное воспитание в школе.

М., Академия. 2004.

Орыс тілінде

Баспа

10

Воловик А.В., Воловик В.А. Педагогика досуга.

М., Академия. 1998.

Орыс тілінде

Баспа

15

Дополнительное образование детей. Под ред. О.Е. Лебедева.

М., Академия. 2000.

Орыс тілінде

Баспа

5

Евладова Е.Б., Логинова Е.Г. Михайлова Н.Н. Дополнительное образование детей.

М., Академия. 2002.

Орыс тілінде

Баспа

10

Ланцберг В., Кордонский М. Технология группы.

М., Академия. 2001.

Орыс тілінде

Баспа

5

Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. Технология игры в обучениии развитии

М., Академия. 1996.

Орыс тілінде

Баспа

20

Мудрик А.В. Общение в процессе воспитания.

М., Академия. 2001.

Орыс тілінде

Баспа

20

Муханбетжанова А.М., Педагогиканын жалпы негиздері:

[Электронный ресурс] /А.М. Муханбетжанова, Ш.Т. Муканбетова.



Орал:БКМУ, РИО,2009.

Қазақ тілінде

Электронды

Электронды

Казакстан педагогикалык гылымдар академиясынын Хабаршысы: Электронные учебники: СDROM.

Алматы. 1,2,3,5-6. -2008.

Қазақ тілінде

Электронды

Электронды

Черняева, Т.Н. Социально-педагогический словарь: [Электронный ресурс] /Т.Н.Черняева, А.С.Иргалиев, Ж.Ж. Жароллаева.

Уральск:ЗКГУ,2010.

Орыс тілінде

Электронды

Электронды


5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
1-апта №1 дәріс

Тақырыбы: Кіріспе. Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс-әрекет ретінде.

Дәріс мазмұны:

1. Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы.

2. Әлеуметтік жұмысқа ерекше кәсіби іс-әрекет түрі ретінде сипаттама.

3. Әлеуметтік жұмыс педагогика және психологияның білім саласы ретінде.



    1. Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы.

«Әлеуметтік жұмыс» ұғымының көпмәнділігі оның іс-әрекет, мамандық, білім саласы, оқу пәндерінің жиынтығы ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді.

Нақты адамның немесе топтың өмірлік іс-әрекеті (әлеуметтік функциясы) бұл обьектінің қандай да болмасын қажеттілігін жүзеге асыру үрдісінде жүргізіледі. Осыған байланысты адам, топ, қоғам қоршаған ортамен қатынасқа түседі.

Өмірлік іс-әрекет бұзылған уақытта қиын өмірлік жағдаят пайда болады. Бұл кезде обьект қоршаған ортамен қатынасын бұзып алғандықтан өзінің қажеттіліктерін орындай алмайды.

Бұл байланыстың бұзылуын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ресурстардың жеткіліксіздігі деп атап көрсетуге болады.



Ресурстар – бұл қажеттілік жағдайында қолданатын құралдар, болашақ әрекетке керек негізгі көздер, ішкі мүмкіншіліктер, яғни, қазіргі уақытта жасырын нәрсе.

Әлеуметтік жұмыс субьектісінің обьектіге ықпалы «көмек» терминімен сипатталады. Бұл жоқ ресурстың орнын толтыратын немесе өзектендіретін сыртқы әрекет дегенді білдіреді. Көмек ресурсты белсендіру үрдісіне араласу, оны қолдануды басқару дегенді білдіреді.

Көмектесу ықпалының нәтижесі қалыпты әлеуметтік функция, қажеттіліктерді жүзеге асыру, қажетті өмір деңгейін қамтамасыз ету, құқықтарды жүзеге асыру, жеткіліксіздіктердің орнын толтыру.

Сонымен, әлеуметтік жұмыс – бұл қиын өмірлік жағдайдағы адамның, отбасының немесе қоғамның ресурстарын пайдалануды басқару.

Әлеуметтік жұмыстың ресурстары шартты түрде ішкі (тікелей обьектіге қатысты), сыртқы (әлеуметтік ортаға қатысты) және аралас (обьект және қоғамның өзара әрекетінің нәтижесі).

1. Ішкі ресурстарға денелік мүмкіндіктер, қабілеттер және даму деңгейі, өмірлік позиция, жеке әлеуметтік тәжірибе, материалдық мүмкіндіктер, уақыттық потенциал жатады.

А. Денелік мүмкіндіктер (физикалық ресурс) нақты белгі негізінде біріктірілетін индивид не адамдар тобына қатысты қарастырылады. Олар денсаулық жағдайында, физикалық күш т.б. түрінде көрінеді. Мұндай азаматтар тобына: балалар, қарт адамдар және мүгедектер жатады. Физикалық ресурсты жоғалту ауру, жарақат, техногендік катастрофа, әскери әрекетте оқушылар және т.б. нәтижесінде болады.

Б. Әлемде кең тараған әлеуметтік мәселе кедейлік – мүліктік статусының төмендігі (материалдық ресурстың жеткіліксіздігі). Мүліктік статусқа отбасының материалдық жағдайы, және оның мүшелері табатын кіріс пен шығыстың айырмасы жатасы.

Тамақ өнімдері, бірінші орында тұрған қажет заттарға шығыстың басым болуы төменгі мүліктік статусты білдіреді.



В. Қабілеттер дәстүрлі түрде қандай да болмасын іс-әрекеттегі жетістікті білдіреді.

Өмірдің алғашқы кезеңіндегі қабілеттердің өсу динамикасыадамның әлеуметтену жағдайымен шартталады, бірақ кейде оның өмірлік позициясына байланысты тоқтап қалады.



Г. Өмірлік позиция, өзіндік қатынас – бұл өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне және перспективаларына субьективтік қатынас. Өмірлік позиция сияқты ресурстардың жеткіліксіздігіне реттеушілік сфера, әлеуметтік-психологиялық инфантилизм жатады.

Д. Игерілген әлеуметтік тәжірибе. Индивидтік тәжірибе «білім, білік және дағды; қарым-қатынас, ойлау және іс-әрекет; интериоризациянаған құндылық бағыттар және әлеуметтік ұстанымдар, түрлі сезімдер өзіндік синтезі» ретінде айтылады.

Тәжірибенің болуы өмірлік іс-әрекет жағдаятында бағытталлуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік тәжірибенің қажетті көлемі өмірлік жолдың байлығымен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік тәжірибені игеру дұрыс ойлау және жағдаятқа сәйкес шешім қабылдаумен тығыз байланысты.



Е. Уақыттық потенциал – қажеттіліктерді қанағаттандырудың мәнді құралы. Бұл стандартты 24 сағаттан витальды қажеттіліктерді қанағаттандыруға, және өндірістік іс-әрекетке (немесе оған дайындық-білім алу), отбасының өмір сүруіне керек гигиеналық шарттарға шығымды алып тастау жолымен анықталады. Бұл ресурстың динамикасы ерекше, өйткені максималды уақыттық потенциал балаларда және зейнеткерлерден табылуы мүмкін.

2. Сыртқы ресурстар – бұл көмек субьектісінің, яғни талап етілген көмекті беруге қабілетті мекеменің қаржылық, ұйымдастырушылық, кадрлық мүмкіндіктері.

А. Әлеуметтік қамтамасыз етуді керек ететіндер үшін арналған қоғамдық тұтыну қорлары болып табылатын қаржылық ресурстаға әлеуметтік саясат, қоғамдық ұйымдар құралдары, жеке адамдар т.б. жүзеге асыруға бөлінген бюджет (федералды, федерация субьектісі, жергілікті) жатады.

Б. Әлеуметтік мекемелердің материалдық базасының жарақтандырылуы қажетті орындардың, транспорттың, арнайы құрал-жабдықтардың бар екендігін білдіреді.

В. Ұйымдастырушылық ресурстар – бұл халықтың түрлі категорияларына әлеуметтік көмектің мемлекеттік, конфессионалдық, қоғамдық бағдарламалары. Әлеуметік жұмыстың ұйымдастырушылық ресурстарына халыққа көмек берумен айналысатын қандай да болмасын ұйым шеңберіндегі іскери қатынас құрылымдарын жатқызуға болады.

Г. Кәсіби әлеуметтік жұмыстың кадрлық ресурстары – бұл жалақылары мемлекеттік және қоғамдық қорлар негізінен төленетін мамандардың мүмкіндіктері.

Әлеуметтік жұмыстың кадрлық ресурстары мамандардың кәсіби міндеттерді шешу компетенттілігі деңгейінде (кәсіби іс-әрекет тәжірибесі және қабілеттерінің даму деңгейі) көрінеді. Ресурстар ретінде ата-ана, достар, таныстар, көршілер ретіндегі формальдық емес көмек субьектілерінің тұлғалық ресурстары қарастырылады.



Әлеуметтік статусты ішкі ресурстардың қоғамдық бейнесі ретінде айтуға болады. Бір жағынан әлеуметтік статус қоғамның нақты адамға немесе қоғамдастыққа қатынасын көрсетеді, екінші жағынан – олардың сыртқы ресурстарын пайдалануға тікелей жол ашады.

Адамның әлеуметтік статусының обьективтік көрсеткіштеріне жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, мамандығы, мүліктік, қызметтік және құқықтық статусы және т.б. жатады. Неғұрлым кәсіби іс-әрекет сферасы престижді болса, соғұрлым адамның қоғамдағы орны жоғары. Сондықтан мемлекеттік шенеуіктер, ірі бизнес өкілдері, мәдениет пен өнердің көрнекті өкілдері т.б. қоғамда жоғары статусқа ие.

Осылайша, әлеуметтік жұмыс ресурстарды пайдалану үрдісін басқару ретінде жеткіліксіз ішкі ресурстарды сақтауға, көбейтуге, орнын толтыруға бағытталады.

Егер индивидтің, отбасының не қоғамдастықтың ішкі потенциалы қажеттіліктердің негізгі массивін жүзеге асыру үшін жеткілікті болса, әлеуметтік жұмыстың қажеттілігі төмендейді.



2. Әлеуметтік жұмысқа ерекше кәсіби іс-әрекет түрі ретінде сипаттама.

Әлеуметтік жұмыстың құрылымдық элементтері: субьект, обьект, мақсат, пән, құрал.



Әлеуметтік жұмыс субьектілеріне әлеуметтік қызмет қызметкерлері және әлеуметтік мемлекеттік және мемлеекттік емес мекемелер, қоғамдық ұйымдар жатады. Формальдық емес институттарда көмек субьектілеріне жақындары, жолдастары, көршілері т.б. жатады.

Әлеуметтік жұмысобьектілеріне индивид, шағын топ, нақты территорияның халқы жатады. Олар әлеуметтік функцияның бұзылуы (қажеттіліктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ортамен қарам-қатынас) нәтижесінде әлеуметтік жұмыс обьектілерін айналады.

Әлеуметтік жұмыс пәні обьектінің өмірлік ситуациясы, ал мақсаты - өмірлік ситуацияның негізгі сипаттамаларының өзгеруі, обьектінің пайда болған қиындықтарды жеңуі.

Кез-келген іс-әрекеттің құралы мақсатқа жету үшін, материалдық және рухани жемісті жасау үшін әрекет, тәсіл, жолдары. Әлеуметтік жұмысқа байланысты құралдар болып әлеуметтік қызметтер, төлемдер, жеңілдіктер т.б. саналады.

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби және кәсіби емес формалары бар.

Бірінші жағдайда кәсіби дайындығы бар және өз міндеттерін атқарғандары үшін ақы алатын мамандар туралы сөз болуда. Екінщі жағдайда әлеуметтік компетенцияларды талап етпейтін және оған ақы алмайтын әлеуметтік жұмыс түрлерін жүзеге асыратын адамдар, ұйымдар туралы айтылады. Бұған волонтерлік іс-әрекетті жатқызуға болады. Волонтерлер – қандай да болмасын әлеуметтік көмекті қажет ететіндер категориясына өз қалаулары бойынша қызмет ететін адамдар

Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде әлеуметтік қызметкердің міндеттерімен нормаланған. Мамандық – қандай да болмасын мамандық шеңберіндегі еңбек іс-әрекетінің түрі.

Мысалы дәрігерлер: терапевт, хтрург, офтальмолог, педиатр, анестизиолог т.б.

Әлеуметтік жұмыста – мамандықтарды нақтылауды болашақ дифференциацияның екі вариантымен анықтауға болады. Бірінші - әлеуметтік қызмет не сфера клиенттерінің категориялары бойынша бөлу: балалармен әлеуметтік жұмыс, геронтологиялық жұмыс (кәрілік шақтағы азаматтармен әлеуметтік жұмыс), қызметпен қамтамасыз ету сферасындағы әлеуметтік көмек т.б. Екінші – мамандықтармен кәсіби әлеуметтік жұмыста басқа мамандықтармен шекараласмамандықтарды бөлу: психоәлеуметтік жұмыс, әлеуметтік-құқықтық қолдау, әлеуметтік-медициналы көмек.

Қазіргі кәсіби әлеуметтік жұмыста негізгі екі біліктілік түрі бар: әлеуметтік жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкер және маман. Әлеуметтік қызметкердің міндеттерін орындау ұзақ кәсіби дайындықты талап етпейді, бірақ, әлеуметтік жұмыс бойынша маманға міндетті түрде жоғары кәсіби білім керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет