Студенттің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулар. Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды. Коллоквиум:Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі; Вен диаграммасы:сыни түрғыдан оқу технологиясы бойынша студенттер вен диограммасына сол әрекеттің жағымды жағымсыз жақтарын және екеуінің ұқсас жақтарын жазады.; Түртіп алу әдісі: студенттер бір текстіні алып оның ішінде өзіне таныс жерлеріне «+», таныс емес жерлеріне «?» белгісін қойу арқылы талдап оны оқытушының көмегімен мәтінді меңгереді; Әдебитетпен жұмыс :Сутденттер белгілі бір проблеема бойынша әдебиеттерге шолу жасап топта талдау жасайды; Екі жақты күнделік: Берілген тақырып бойынша студенттер кесте толтырады. Ол кестеде проблема және түсініктеме жолдарына деген жолдары бар соған тақырып бойынша талдау жасайды.