А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет140/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   145
Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.
Пікірталас әдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның әлеуметтік белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа дайындық барысында студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зерттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз ойларын қарсыластарының көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді. Пікірталас жастардың жан-жақты білімдерін жетілдіріп, мәдениет деңгейлерін көтереді. Басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйретеді, әрі шешендік өнерге баулиды.
Миға шабуыл”, “ойға шабуыл” (мозговая атака) немесе “миға батыл әрекет” (мозговой штурм) әдісі ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің мақсаты – шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инерциясынан айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.
Бұл әдістің негізгі принципі мен ережесі – қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау және мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Әдіс нәтежиесінің сәттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей байланысты болып келеді.
Әдіс ұзақтығы әдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармашылық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптималды нұсқасы таңдалынады.
Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.
“Іскерік ойын” әдісі. Бұл әдіс өзінің жоғары дәрежелі біргіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық үйлесімділігімен ерекшеленеді. Бұл әдіс негізінен еліктеу, сипаттау, көрсету, образға кірудің көмегі арқылы студенттердің бойына басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады.
Интеративті оқыту жүйесіндегі салыстырмалы жаңадан енген әдіс бұл – тренинг. Осы аталған әдістің жаңадан қолдануға енуі, біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде кіші топ, яғни тренинг топтарында психологиялық түзету жұмысын жүргізуге арнайы қарым-қатынас ұйымдастырылуына қарамастан, бізде ол туралы ұзақ уақыт бойы көп нәрсе белгісіз болды. Екіншіден, ол психологияны оқытудағы студенттерді массалық оқыту да пайдаланылады. Бірақ кейін шынайы жағдаяттардағыдай сияқты әрекет жасауда сол әрекетің нәтежиелілігі үшін жауапкершіліпен қаралатын, ойындық немесе шартты түрдегі тренингтер кеңінен қолданылды. Әрекеттің жүру барысындағы әр қатысушының индивидуалдық жауапкершілігі – топтық әрекеттің жемісі, үлкен нәтежиелілігі, яғни үйлесімділігі.

  1. мақсатты айқындау;

  2. тренингтің сценарийлік жоспарын құру;

  3. оқушылардың белсенді тренинке араласуын алдын-ала қамтамасыз ету;

  4. өзін дайындау (сұрақ қоюы, айтылған жауаптарға әсерленуі, өз ойын айтуы немесе оқушылардың пікірін талап етуі, тренингтің қорытындылау кезеңінде неге және не үшін оқушыларды бағалау);

  5. қатысушыларға рөлдерді дұрыс бөлу (олардың өздерінің ұсыныстарын ескеру).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет