Курстың міндеттері: Психология тарихы туралы білімдерін қалыптастыру, басқа психологиялық пәндерден алған білімдерін жүйелеу. Психология ғылымының даму логикасын түсіндіру. Аталмыш курста тарихи-психологиялық материалдарды баяндау тарихилық пен логикалық, обьективтілік, детерминизм мен тарихилық принциптеріне сүйенеді.
Осы оқу курсында әлемдік және отандық тарихтың, философияның, көркем әдебиет мен өмірбаяндық әдеьиеттердің, өнердің материалдарын пайдалану қажет. Сондықтан курс студенттердің әлеуемттік-гуманитарлық циклдегі сәйкес пәндерді оқып білумен тығыз байланысты. Психологиялық категориялар мен іргелі проблемалардың мазмұны жалпы психология курсында да қарастырылады, онда тарихи-психологиялық мағлұматтар міндетті түрде келтіріледі, сондықтан психология тарихын оқыту мен зерделеу осы пәнге де сүйенеді.