Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасу



Дата17.02.2017
өлшемі29,7 Kb.
түріСабақ
5 сынып Тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек

Мақсаты: Оқушыларда шеңбер және дөңгелек, олардың элементтері туралы түсінік қалыптастыру; алған білімдерін есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын қалыптастыру; білімдерін жүйеге келтіру.

Қолданылған технология: Блум таксономиясы

Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасу.

Сабақ жоспары Блум таксономиясы бойынша жоспарланғандықтан, сабақ алты кезеңнен тұрады (білім, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау). Төменде әр кезеңнің тапсырмалары берілген.



І. Оқулықты пайдаланып көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой:

  1. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан барлық нүктелер жиынын ..................... деп атайды.




  1. Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі ........................... деп аталады.




  1. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын қосынды ................. деп аталады.



  1. Радиус .......... әрпімен белгіленеді.




  1. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні ........................... деп атайды.



  1. Диаметр ................ әрпімен белгіленеді.




  1. Диаметр екі ......................... тең.

ІІ. Сәйкестікті анықта:
Шеңбер Радиус

Дөңгелек Шеңбердің бойындағы кез келген

екі нүктені қосатын кесінді

Радиус Диаметр

R Бір нүктеден бірдей қашықтықта

жатқан барлық нүктелер жиыны


Диаметр Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі

бөлігі
D D

2R Шеңбердің бойындағы екі нүктені

қосатын және центр арқылы өтетін

кесінді
ІІІ. Қолдану: Алған біліміңді есептерді шығаруда қолдан:


  1. Диалогты оқып оны математикалық есеп түрінде жаз:

Залина: Мен дәптерге центрі О нүктесі етіп, шеңбер сыздым.

Камал: Оның радиусы неше сантиметр?

Залина: Радиусы 3 см.

Камал: Оның диаметрі неше сантиметр болады?



  1. Ақпаратты пайдаланып, есепті шығарыңдар:

Радиусы 3 см шеңбер сызыңдар. Шеңбердің ішінде жататын С нүктесін және шеңбердің сыртында жататын D нүктесін белгілеңдер. Шеңбердің центрі О нүтесін С және D нүктелерімен қосыңдар. ОС және ОD кесінділерін радиуспен салыстырып жазыңдар. ОС және ОD кесінділерінің қайсысының шеңбермен ортақ нүктесі болады?

  1. Пайымдау арқылы дәлелдеңдер:

Ұзындығы 6 см АВ кесіндісін сызыңдар. Центрі А нүктесі, радиусы 4 см шеңбер сызыңдар. Центрі В нүктесі, радиусы 3 см шеңбер сызыңдар. Шеңберлер не себепті қиылысады? Дәлелдеңдер.
ІV. Көршілесіңмен ақылдаса отырып пайымдау арқылы дәлелде:

Киіз үйдің табаны дөңгелек екені белгілі. Киіз үйдің диаметрі 6 м. Сара киіз үйдің табанының центрінен 2 м қашықтықта, Марат 4 м қашықтықта тұр. Кім киіз үйдің сыртында, кім киіз үйдің ішінде тұр?


V. Пайымдау арқылы анықта:

  1. Пайымдау арқылы анықта:

Суреттегі шеңбердің диаметрін бірлік кесінді есебімен жазыңдар. Шеңбердің радиусы бірлік кесінді есебімен неге тең?

0 1 2 3 4 5 6 7 8 х





  1. «Шеңбер» сөзіне синквейн жаз.


VІ. Мәтіндік хабарлама түрінде бағала:

Жер Күннен 150 000 000 км қашықтықта орналасқан. Жер орбитасы 50 000 000 км қашықтыққа орнынан қозғалды деп елестет. Жер бетінде не болуы мүмкін? Өз жауабыңды пайымда және оны мәтіндік хабарлама түрінде көрсет.
Каталог: uploads -> doc -> 03c1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03c1 -> Оқулық Қазақ тілі 3-сынып. Қазақ тілі әдістемелік құрал Т. Н. Ермекова, А. А сатбекова Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу