Блум таксономиясы



Дата14.04.2022
өлшемі1,52 Mb.
#139379
түріҚұрамы
Байланысты:
Блум таксономиясы (копия)
BBQ, Аида анатомия, 11 дәрісбаян, 155, 15Metod ZdorovCberTexnologii 49.04.01 2017, Документ 1в

Блум таксономиясы

Орындаған: Әмірбек А

ҚАБЫЛДАҒан: Шитібаев с

Блум таксономиясы бойынша «Майлар» тақырыбына дайындалған деңгейлік тапсырмаларды талдау үлгісі:

  • Екінші дәптерде берілген тапсырмалар блум таксономиясының негізгі дағдылары бойынша «А, В, С» деңгейінде топтастырылып берілді.
  • А Білу, түсіну Майлардың құрамына кіретін глицеридтерді еске түсіре отырып табады, формуласындағы ерекшеліктеріне қарай жіктеп, түсіндіреді.
  • В Қолдану, талдау Биологиялық маңызын біліп, түсініп, өмірлік қажеттілігіне қолданады. Майдың құрамына кіретін карбон қышқылдарын талдай отырып, сұйық немесе қатты болу себептерін түсіндіреді.
  • С Жинақтау, бағалау Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін жинақтап, есептердің жауабын табады және жауабы негізінде түрлі тұжырымдар жасайды. Күнделікті пайдаланылатын тағамдардың құнарлығына баға береді. Артық салмақтың денсаулыққа зияны туралы дәлелдер келтіреді.

Жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалардың мазмұны:

  • А – деңгейі (білу, түсіну) №1 – жаттығу Берілген қышқылдардың ішінен глицеридтерді түзуге қатысатын қышқылдарды тауып, төменде берілген кестеге жіктеп жаз. Қышқылдардың аттарын ата.
  • В – деңгейі (қолдану, талдау) №2 – жаттығу Майлардың табиғатта таралуын берілген суреттерден агрегаттық күйіне қарай топтастырып көрсет. Майдың сұйық немесе қатты болу себебін түсіндір. Майлардың табиғатта таралу көздері бойынша суреттер Агрегаттық күйі Сұйық Қатты 1 2 3 4 5 6 7 8 Жауабы: Себебі, ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ №3 – жаттығу Майлардың биологиялық маңызы қандай? Жауабыңды «Өрмекші» сызбасына толтыр.
  • С – деңгейі (жинақтау, бағалау) №4 – жаттығу Мектеп оқушылары тәулігіне 10500 кДж, ал студенттер 12600 кДж энергия жұмсайды. Мектеп оқушылары ол энергияның 3071,2 кДж энергиясын тәуліктік қабылдайтын майдың тотығуынан жұмсайды, ал студенттер 3954,17 кДж энергия жұмсайды. Тапсырма: а) мектеп оқушылары мен студенттерге тәулігіне қанша г май қажет? ә) тәуліктік қабылдайтын майды гидролиздеуге қажет судың мөлшері қандай? б) қажет майды қандай тағамдардан алуға кеңес бересіз?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет