Байланысты: А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі
"Сөз және буын" тақырыбы бойынша сабақ (ауызша) 1. Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу.
2. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.
3. Сөйлемдерді сөзге талдау.
4. Сөздерді буынға талдау.
5. Сөздің бастапқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға тапқызу.
6. Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе пластиллиннен жасау.
Дыбыспен таныстыру сабағы І.Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.
2.Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буынға, буынды дыбыстарға талдатқызу.
З.Дыбыспен ауызша таныстыру (а-ра, ал-ма, а-та, т.б. сөздерді талдай отырып, "а" дыбысына көңіл аударылады).
4.Таныс дыбыстардан басталатын сөздерді ойлату.
5.Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.
Әріп элементтерін жазуга үйрену сабағы 1. Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.
2. Оқушыларды жазуға дайындау. Қарындашты, қаламды қалай ұстау керектігін көрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазып жаттықтыру.
3. Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.
4. Тақтаға жазып көрсету жене оны қайта ауаға жазып көрсету.
5. Балалардың дәптерлеріне жазғызу.
Сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу сабағының үлгісі Тақырыбы: сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жатгығу (ауызша).
Көрнекі кұрал: "Әліппе" кітабының алғашқы беттеріндегі жеке суреттер.
Сабақтың барысы: Жеке сурттерді қарап, оларды атау. Сұрақ жауап арқылы суретте көрсетілген заттардың әрқайсысына лайықты сөйлемдер құрату. Мысалы, — Үйрек қайтеді? — Үйрек ұшады деген сөйлемде неше сөз бар? — Үйрек ұшады деген екі сөз бар. Бірінші сөз қайсы? — Бірінші сөз — үйрек. — Жақсылап тыңдап отырыңдар, мен бірінші сөзді нешеге бөліп айтар екенмін. Үй-рек. Нешеге бөліп айттым? — Екі бөліп айттыңыз. — Бірінші бөлігі қалай? — Бірінші бөлігі — "үй". — Екінші бөлігі ше? — Екінші бөлігі "рек".
Осылайша екінші сөз (ұшады) де талданады. Енді бұл сөздерді балалардың оздері айтады. Сонан кейін буынның мәнісі, әр буынды айтқан сайын ауыздың ашылуымен бірге иектің ілгері қарай қозғалатындығы түсіндіріледі. Иектің қозғалысын байқату үшін сөзді буынға бөліп айтқанда алақанды иектің астына ұстау арқылы тәжірибе жасатып көруге болады. Иек екі буынды сөзде алақанға екі рет, бір буынды сөзде бір рет тиетініне олардың көздері жетеді.
— Сонымен, бүгінгі сабақта не үйрендік? — Сөйлем құрастырдык, сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп үйрендік.
— Енді суретке қарап, жақсылап тындап отырыңдар. Мен сөздің бірінші буынын айтамын, сендер қалған буынды жалғастырып айтып тұрыңдар: би-дай, үй-рек, та-уық т.б.
— Біз өткен сабақта не туралы әңгімелесіп едік? — Өткен сабақта біз "Бақша өсімдіктері" туралы әңгімелескенбіз.
— Бақшада не өсірілетін еді?
— Бақшада қауын, қарбыз, сәбіз т.с.с. өсіріледі.
— "Бақшада қарбыз өседі" деген сөйлемде неше сөз бар?
— "Бақшада қарбыз өседі" деген сөйлемде үш сөз бар.
Олардың қандай сөздер екені қайталанып айтқызылады және сол сөздер буынға талданады.
Үйге екі-үш буыннан құралған сөздер ауызша ойлап келу және бақшада істеген жұмыстары туралы әңгіме айтуға дайындалып келуді тапсыруға болады.
Дыбыспен таныстыру сабағының үлгісі Көрнекі құрал: аттың, алманың, ағаштың суреті жөне "Әліппедегі" суреттер.
Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін, балаларға көздерін жұмып, аз уақыт не естілетініне құлақ салып отыру тапсырылады. Балалар машинаның дүрілі, біреудің даусы т.б. дыбыстар естігенін айтады. Біздің сөйлейтін сөздеріміз де осы сияқты дыбыстардан құралатыны түсіндіріліп, Ажар, апа, Асыл т.б. сөздер мысалға келтіріледі, буынға бөлінеді (А-жар, а-па, А-сыл). Бүл сөздердің басында қандай дыбыс естілетінін айтады. — Осы дыбысты бәрің де айтып көріңдерші. Әлия, сен де, Асқар, сен де — барлығымыз айтайық.
Суреттерді қарау жөне олардың атын атау; атауларды буынға бөлу. Ішінде "а" дыбысы бар сөздер ойлату. "А" дыбысының таңбасымен таныстыру. Кеспе әліппеден "а" әрпін алып, оның екі тік сызықтан және бір көлденең сызықтан құралғанын ажыратып, қосып көрсету. Оқушылар бұл әріпті таяқшадан өздері құрастырады және оқиды.
"А" әрпінің кіші таңбасымен таныстыру. Оны да талдау (сопақшалау келген дөңгелек пен имек таяқшадан тұрады). Әріп кассасынан бұл таңбаны табады.
— өткен сабақта балалардың өздері атын айтып, буынға бөлген еді; бүгін сол сөздерді тағы қайталайық, — деп, мұғалім оқушылар айтқан создерді талдау арқылы оның құрамында "а" дыбысының бар-жоғына көңіл аудартады.
Үйге құрамында "а" дыбысы бар 3-4 сөз ойлап келу тапысырылады.
Бұл — сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Әліппе кезеңінде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде балаға естілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі. Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгіме өткізіледі.
Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмысын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі.
Бірінші кезеңде жуан дауысты дыбыстар мен созылымды дауыссыздар және олардың таңбалары таныстырылады. Грамматикадан: сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс практикалық жолмен ұғындырылады.
Жалпы мектептегі мұғалімдер мен әдістемеші ғалымдар жазу оқудан кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері қажет екенін көрсетеді.
Ендеше алғашқы кезеңнен бастап-ақ оқушылар үлкен және кіші әріптерді бірден жазып үйренеді. Екі дыбысты сөздерді оқи біледі, сондай-ақ көшіріп те, жатқа да жазып үйренеді.
Оқуда да, жазуда да сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу сияқты талдау-жинақтау әдісі, сонымен қатар үдету амалдарымен (ат, ат-а-ата т.б.) жасалған сөздерді және бір ғана әрпі немесе дыбысы өзгеше сөздерді (ана, ара т.б.) оқу-жазу әдістері кең колданылады.
Екінші кезеңде негізінен қысаң дауыстылардың жуаны және қалған сонар, ұяң, қатаң дауыссыздар таныстырылады. Бүл кезеңдегі дыбыстармен танысу жолдары да бірінші кезендегідей әдістер арқылы өтеді. Мұндағы айырмашылық — ұқсас дыбыстар салыстырыла оқытылады. Танылатын әріп санының көбейе түсуіне байланысты бұл кезеңнің жазу материалында қысқа-қысқа сөйлемдер кездеседі.
Үшінші кезеңде жіңішке дауысты дыбыстар мен к, г, п, б, ж, з, ң сияқты дауыссыздар танытылады. Бұл кезеңде оқушыларға үйретілетін буын саны да арта түседі.
Әліппені оқытудың төртінші кезеңінде тілімізде сирек кездесетін "һ" сияқты дыбыстар мен солардың таңбалары таныстырылады. Сонымен қатар бұл кезеңнің мақсаты — орыс алфавитінен қосылған әріптерді және олардың дыбыстарын саналы түрде таныту.
Жазу жұмыстары, сондай-ақ басқа жұмыс түрлері де алдыңғы, дайындық кезеңіндегі сияқты болып келеді.
Әліппе кезеңінде қолданылатын негізгі кұрал (Әліппе және әліппе серігімен қатар) — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден балалар сөз құрастырады, сөздерді буынға, дыбысқа талдайды, құрастырған сөздерін оқып жаттығады. Балалар оқыған немесе жазған сөздерінің мағынасына жете түсінетіндей, қате жібермейтіндей дәрежеге жеткенге дейін талданады.
Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын ала буынға, дыбысқа талдап, кеспе аліппеден қүрастырған сөздерін оқитын болса, екінші кезеңде үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды. Бір дыбысты өзгеше сөздер мен үдету амалы арқылы жасалған сөздерді оқыту жұмысы кеспе әліппені пайдалану жұмысымен байланыстырыла жүргізілгенде ғана тиімді және нәтижелі болып шығады.
Үшінші кезенде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында "Әліппе" кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппеден алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар бааларды оқу кітабы мен грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезендегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.
Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезенде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады.
Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезенде де қатты қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөздерді өздері тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып талдап, танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі.