А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді


Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқу



бет45/72
Дата28.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#155525
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Байланысты:
А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі

Жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқу. Оқулықтарда жұмбақ, мақал-мәтелдердің көпшілігі мәтіндердің аяғында беріледі, сонымен қатар, бастауыш мектепке арналған жұмбақ, мақал-мәтелдср жинағы жоқ болғандықтан, авторлар оқушылардың тілін ұштаудағы бұл материалдардың орасан зор маңызын еске алып, оқулықтарға бірсыпыра жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар енгізген. Бүл материалдар бір мезгілде, бір кезеңде ғана оқылмайды. Мұғалім қандай да болмасын бір мәтінмен жұмыс жасау барысында ол жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады. Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға не жаттауға тапсырады. Мысалы, "Елдің ері" әңгімесін оқығанан кейін оқулықтағы мақал-мәтелдердің ішінен "Ерлік білектен емес, жүректен ", "Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы ", "Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады". Немесе И.Крыловтың "Қарға мен түлкі" мысалын оқығанда "Өзі айлакер, озі бір қу, жүрген жері бір айқай шу" жұмбағын жаттатып, оның мәнісін түсіндіре кетудің, яғни оның жүрген жерінің неге айқай-шу болатынын сұрап, анықтай отырудың артықтығы жоқ.
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ бір жағынан балалардың өмірге көзқарасын, ой-өрісін кеңейтсе, екінші жағынан тілін дамытып, сөздік қорын байытады.
А.Байтұрсынов бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның қысқа да дөл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол. Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп топтап алады.
Мақал-мәтелдер — тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.
«Мақал-мәтелдер — халықтың моральдық кодексі, тәрбие теориясы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған өнегелі өсиеті. Адамға өткен дәуір — бәрі сабақ. Заманалар тәжірибесінен сұрыпталған тұжырымдар кейінгі ұрпаққа кітап сөзіндей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан» — дейді қазақтың халық ақыны, ұзақ жыл «Балдырған» журналының бас редакторы болған М.Әлімбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет